• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 5 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Майдакөл ауылында 100 орындық жаңа клуб пайдалануға берілді

Бүгін Қазалы ауданының Майдакөл ауылындағы жаңадан салынған 100 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

11.12.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыстық мәслихат төрағасы жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірдің мәдениет саласындағы жетістіктерге тоқталды.

«Мемлекет басшысы ұсынған «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Сыр өңірінде кейінгі 3 жылда 19 мәдениет нысаны салынды. Оның 8-і ауылдық клуб,  7-і «Руханият орталығы», «Анаға тағзым», Отбасы және Өнер орталықтары, облыстық тарихи-өлкетану музейі. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Шиелі ауданы Бестам ауылдық клубы қараша айында пайдалануға берілді. Бүгін  Майдакөл ауылында 100 орындық клуб ашылады. Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа нысанның ел игілігіне айналуымен шын жүректен құттықтаймын! Егемендік тарту еткен әр күннің өзі бақыт. Қастерлі Отанымыз, Сыр өңірі жаңарып, жайнай берсін!», – деді Мұрат ЖОЛКЕЛДІҰЛЫ.

Рәсімде ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буын ардагерлер мен клубты сапалы салып, мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Кейінгі жылдары Қазалы ауданының даму қарқынында ерекше серпін бар. Атап айтсақ, Жанқожа батыр ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Әйтеке би кентінде «Руханият орталығы», прокуратура ғимараты, «Қазалы» мәдени-демалыс кешені, «Руханият сквері» мен орталық алаң сияқты бірқатар нысан ел игілігіне берілді.

Ақтан батыр және Абай ауылдарына көгілдір отын жеткізілді. Қазір Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендерін газдандыру жұмыстары жалғасуда.

 

Алдыңғы мақала

Әйтеке би кентінде жаңа қонақүй ашылды

Келесі мақала

Шәкен ауылына ауыз су келді

Оқи отырыңыз

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
Әлеумет және экономика

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
Қоғам

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
Қоғам

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қоғамға жарқын үндеу: «Есірткіге – жоқ деп айт»

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Өзекті жаңалықтар

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
Құқық

Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда

0

Рейдтік топ мүшелері күнделікті 22:00-ден бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын,...

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалы: Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда
  • Арал: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы жүзеге асуда
  • Қазалы: Бірлік ауылдық округінің әкімі сайланды
  • Қазалы: Қожабақы ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда
  • Қазалы: Абыройлы еңбек иесіне құрмет көрсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі