• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сәрсенбінің сәтінде Ақжарма ауылына ат басын бұрдық. Тілшілік іссапарымыздың негізгі себебі – ауылдың мәдениет үйінде өткен іс-шара еді. «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Сұхбат TIME» жобасы аясында «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Вера Жұманқызымен кездесу өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

17.12.2025
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз
Үлкенге құрмет, келер буынға үлгі боларлық жиынға «Қазақ Аналары – дәстүрге жол» рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық және қалалық бас төрайымы Алтынай Былаева, Батыр ана Айжамал Шағанбаева, Сырдария аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Сәркеева, аудандық музей директоры Салтанат Қуандықова және «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Аружан Мұханбетқали арнайы қонақ болды. «Ана – күннің шуағы» тақырыбын арқау еткен кездесуге ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов, ауыл ардагерлері куә болды.
Іс-шараның ең басты жаңалығы – ауыл мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып жүрген Вера Жұманқызының әлемдік рекорд орнатып, есімі «GLOBAL BOOK OF RECORDS» кітабына енуі болды. Сүйінші жаңалықты қазақ аналарының жанашыры Алтынай Мырқықызы жеткізіп, іс-шара барысында арнайы сертификатты табыс етті. Айта кетейік, бұл әлемдік рекорд қыркүйек айында Түркістан қаласында тіркелген. 1000-нан астам әйел рекорд орнатуға атсалысып, ең үлкен дәстүрлі қазақ қалыңдығының сәукелесін жасаған. Сәукеленің биіктігі 4 метр 6 сантиметр болса, шашақ ұзындығы 560 метрді құрайды. Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле 31 дәстүрлі өрнекпен, қымбат тастармен, алтын және күміс теңгелермен безендірілген. Алып сәу­келені жасауға атсалысқан қазақ әжелерінің ішінде ақжармалық Вера Жұманқызының есімі әлемдік рекордтар кітабына еніп, ардақты ананың мерейі үстем болды. Бұл – ауыл үшін ғана емес, аудан, облыс, тіпті еліміз үшін тың жаңалық болды деу­ге болады.
– Шынымды айтсам, дәл бұндай жоғары марапат күт­педім. Таңғалып отыр­мын. Бүгінгі сұхбатты ұйым­дастырған Айтмағанбет ба­ла­ма, құрмет көрсеткен ауыл тұрғындарына риза­шы­лы­ғымды білдіремін. Кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсете алсақ, сол қуаныш, – деді ағы­нан жарылған Вера әже.
Сұхбат барысында Вера Жұманқызына балалық шағы, атқарған жұмысы, ана­ның қоғамдағы орны туралы сұрақтар қойылды. Ардақты ана, абзал әже өз кезегінде сұрақтарға тұшымды жауап беріп, іс-шараның мәнді өтуіне ықпал етті. Сондай-ақ ауыл тұрғындары ақ жаулықты әже туралы жылы пікірлерін білдірді. Ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырған мәдени іс-шараларда сахнадан табылатын әжелер бұл жолы да іркілместен халық әні «Сәулем-айды» нақышына келтіре орын­­дап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
                                          

Айта кетейік, Вера Жұманқызы – негізінен Шаған ауылының тумасы, балалық шағы сонда өткен. Тағдыры Ақжар­ма ауылына айдап, қан­ша жылдан бері осы ауылдың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келеді. Негізгі мамандығы ден­сау­­лық сақтау саласына арналған жан бойындағы өнерін де жасырып қала алмас. Отыз бес жыл ауыл халқының денсаулығын кү­зет­кен кейіпкеріміз жас­тайы­нан ән айтып, мәдениет саласының дамуына да өзіндік үлесін қосқан. Әзіл-сықақ театрында өнер көрсетіп, көрерменді шынайы күлкіге қарық қылғаны – замандастарының есінде. Егін егіп, мал бағып, қара жұмыстың да көркін қыздырған Вера әженің ерекше қырлары көп. Жас күнінде палуандықты да серік етіп, күрестің қыр-сырын меңгерген ол бір кездері әжелер байқауында ауыр салмақты гір тасын көтеріп тұрып өнер көрсеткені көпшілік аузында аңыздай айтылып, таралып кеткен. Денсаулық сақтау, өнер салаларында бірдей із қалдырып, үлесін қосқан аяу­лы жанның бұған дейін облыс, аудан әкімдерінен алған мәртебелі марапаттары баршылық. Іс-шара барысында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Есентұрқызы ардақты жанға құттықтауын табыс етіп, құрмет көрсетті. Вера Жұманқызының бүгінде Сүйіндіковтер әулетіне келін болып, өмірлік жары Хамзе Сүйіндіковпен отау құрғанына елу жыл толғанын да айта кету орынды. Бұл ретте отағасының өмірлік жарына деген қолдауы зор құрметке лайық. Отбасының ұйытқысы, бес баланың ата-анасы, немере-шөберелерінің сүйікті ата-әжесі атанған жандардың кейінгі буынға берер өнегесі мен тәрбиесі мол. Отбасында да, қоғамда да өзіндік орнын ала білген жандарды үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардың маңызы зор.
Ақпарат көзі: tirshilik-tynysy.kz
Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Оқи отырыңыз

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қоғам

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
Қоғам

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Спорт

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Өзекті жаңалықтар

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
Мәдениет

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

0

Үлкенге құрмет, келер буынға үлгі боларлық жиынға «Қазақ Аналары – дәстүрге жол» рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық...

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
  • Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
  • Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі