• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

«Біз өмірді таңдаймыз!»: қызылордалық оқушылар заманауи полицияның тыныс-тіршілігімен танысты

Жастар арасында тәрбие жұмысын жандандыру және салауатты өмір салтын насихаттау аясында «Orda school» мектебі мен №144 мектеп-лицейінің оқушылары үшін «Біз өмірді таңдаймыз!» ұранымен ауқымды танымдық акция ұйымдастырылды.

22.12.2025
in Құқық
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен өткен бұл іс-шара өскелең ұрпақты құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстырып қана қоймай, олардың бойында қауіпсіздік пен заңға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруды мақсат етті.
Күн тәртібіндегі бағдарламаның маңызды бөлігі профилактикалық және құқықтық ағарту жұмыстарынан басталды. Басқарма қызметкерлері жасөспірімдерге есірткі және психотроптық заттардың ағзаға тигізер жойқын зияны, тәуелділіктің тез қалыптасуы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Әсіресе, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қарастырылған заңды жауапкершілік мәселесіне ерекше тоқталды. Офицерлер есірткі курьері болудың немесе тыйым салынған сайттарды жарнамалайтын «граффитист» ретінде күмәнді жұмысқа тартылудың қаншалықты қауіпті әрі қасіретті екенін ескертті. Оқушыларға «оңай олжа» табу жолындағы кез келген қадамның соңы қатаң жазаға соқтыратыны және жарқын болашаққа балта шабатыны нақты мысалдармен көрсетілді.
Шара барысында оқушылар ведомстволық музейді аралап, қазақстандық полицияның қалыптасу тарихымен және қызметтік борышын өтеуде ерлік көрсеткен батырлардың өмірімен танысты. Бұдан кейін балалар Жедел басқару орталығының жұмысын тамашалады. Мұнда олар заманауи технологиялар мен бейнебақылау камералары арқылы қаладағы тәртіптің қалай қадағаланатынын және патрульдік жасақтардың жұмысы қалай үйлестірілетінін өз көздерімен көрді.
Күннің ең қызықты сәті Арнайы жедел әрекет ету жасағы (СОБР) жауынгерлерінің қару-жарақ пен жабдықтар көрмесі болды. Көрме аясында оқушылар атыс қаруының заманауи үлгілері мен арнайы құралдарды жақыннан танып білді. Сондай-ақ, балаларға жауынгерлік киім үлгілері мен қорғаныс құралдары таныстырылып, әрбір қатысушы оларды егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік алды. Көрсетілім соңы арнайы техникалармен танысуға ұласты, онда жасақ сарбаздары қызметтік автокөліктер мен брондалған машиналардың мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер балалардың полиция қызметкерін тек қатал тәртіп сақшысы емес, өз ісінің маманы және сенімді қорғаушы ретінде көруіне септігін тигізеді. «Біз өмірді таңдаймыз!» ұраны акцияға қатысушылар үшін жай ғана сөз емес, заңдылық пен қауіпсіздікті қолдайтын саналы таңдаудың белгісіне айналды.

Алдыңғы мақала

Сыр елінде заң мен тәртіп тағылымы айтыс арқылы насихатталды

Келесі мақала

Қызылорда облысында соңғы 3 жылда 21 спорт кешені бой көтерді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі