• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?

Қоғамда ұл мен қызға қойылатын талаптар көзге көрінбейтін ережелер арқылы қалыптасады. «Ұл бала батыл болуы керек», «қыз бала сабырлы болуы тиіс» деген сияқты ұғымдар бізге ата-анамыздан, айналамыздан, салт-дәстүрден сіңіп қалған. Көп жағдайда біз бұл түсініктердің бала санасына қалай әсер ететінін, оның болашақ мінез-құлқына қандай ықпал ететінін ойлай бермейміз. Ал шын мәнінде, гендерлік рөлдер дәл балалық шақта, әсіресе бастауыш сынып кезеңінде қалыптаса бастайды.

09.01.2026
in Қоғам
0
500
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Гендерлік рөл дегеніміз – ұл мен қызға қоғам белгілеп берген мінез-құлық үлгілері, міндеттер мен күтілетін қасиеттер жиынтығы. Бала дүниеге келген сәттен бастап оған белгілі бір рөлдер телінеді. Ұлға күштілік, төзімділік, көшбасшылық қасиеттер тән деп үйретілсе, қызға нәзіктік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттері тән деп көрсетіледі. Бұл түсініктердің барлығы балаға тікелей емес, көбіне үлкендердің сөзі, әрекеті, қарым-қатынасы арқылы беріледі.

Бастауыш мектеп жасында бала өзін қоршаған ортаны белсенді түрде танып, өз орнын анықтауға тырысады. Ол өзін ұл немесе қыз ретінде қабылдап қана қоймай, сол жынысқа «лайық» деп саналатын әрекеттерді қайталауға ұмтылады. Осы кезде ата-ана мен мұғалімнің әрбір сөзі, әрбір бағалауы баланың ішкі дүниесінде бағдаршам іспетті қызмет атқарады. Бір әрекеті үшін мақталып, бір әрекеті үшін тыйым салынған бала біртіндеп «мен осылай істеуім керек», «мен бұлай істемеуім тиіс» деген қорытындыға келеді.

Мәселе гендерлік рөлдердің бар-жоғында емес, олардың қалай түсіндіріліп, қалай ұсынылуында. Егер ұл балаға эмоциясын көрсетуге тыйым салынса, ал қыз балаға өз пікірін батыл айтуға шектеу қойылса, бұл баланың тұлғалық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Ал керісінше, ұлға да, қызға да жауапкершілік, сыйластық, еңбекқорлық, өзгені түсіне білу сияқты ортақ адамгершілік құндылықтар қатар үйретілсе, гендерлік рөлдер баланың дамуына кедергі емес, тірекке айналады.

Қазіргі қоғамда гендерлік рөлдер де өзгеріске ұшырап отыр. Бұрын тек ер адамға тән деп саналған кейбір қасиеттер бүгінгі қыз балалардың бойынан да табылуда, ал бұрын әйелдерге ғана тән деп есептелген мейірімділік пен сезімталдық ұл балалар үшін де маңызды қасиет ретінде мойындалып келеді. Бұл өзгерістер баланың тәрбиесінде икемді, саналы көзқарасты қажет етеді.

Мектеп – баланың гендерлік рөлдерді әлеуметтік ортада сынап көретін алғашқы алаңы. Сыныптағы қарым-қатынас, мұғалімнің ұл мен қызға тең қарауы, тапсырмаларды бөлудегі әділдік – мұның бәрі баланың өзіне және өзгеге деген көзқарасын қалыптастырады. Егер мектепте ұл мен қыздың мүмкіндігі тең екені, әрқайсысының өзіндік қабілеті бар екені көрсетілсе, бала болашақта да осы ұстанымды өміріне арқау етеді.

Отбасы да гендерлік рөлдердің қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Үйде ата-ананың міндеттерді қалай бөлісетіні, бір-бірімен қалай сөйлесетіні, баламен қалай қарым-қатынас жасайтыны – бәрі баланың санасында «қалыпты өмір» үлгісі ретінде сақталады. Сол себепті гендерлік рөлдер туралы түсінік тек сөзбен емес, күнделікті өмір арқылы беріледі.

Гендерлік рөлдерді саналы түрде қалыптастыру – қоғамның болашағына жасалған инвестиция. Өзін және өзгені құрметтей алатын, өз рөлін түсінетін, бірақ сол рөлдің шеңберінде тұншықпайтын тұлға тәрбиелеу – бүгінгі білім мен тәрбиенің басты мақсаты болуы тиіс.

Бұл мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанның оңтүстік өңірлері тұрғындарының гендерлік рөлдердің қалыптасуына мәдени құндылықтардың ықпалы: дәстүрлі және инновациялық көзқарастар» атты ғылыми жоба аясында әзірленді (грант № AP26101317). Аталған жоба қоғамдағы гендерлік рөлдерге қатысты көзқарастарды тереңірек түсінуге және оларды заманауи тұрғыда зерделеуге бағытталған.

Серікхан Жүзеев,

Философия докторы (PhD), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының жетекшісі

Алдыңғы мақала

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Келесі мақала

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі