• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Испан суретшісі Пабло Пикассоның пайымына салсақ, адамның жүзін фотограф пен айнаға қарағанда суретші әлдеқайда дұрыс көріп, жақсы таниды деп жауап берген болар едік. Ақиқатында, қалам ұстаған таланттар – қай нәрсенің де ішкі мәнін ашып, жүрекке жеткізе салады.

23.01.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы Бағдат Жадырасын да көркем өнерден кенде емес.

Мекемеге жұмысқа орналасқанына 3 жылдай уақыт болған. Қызметтік жауапкершілік пен тәртіпке толы ортада осалдық танытпай, салмақты қалпымен орнын қалыптастырды. Тынымсыз еңбектен сурет салу арқылы тынығатыны да рас. Кәсіби түрде айналыспаса да, қызығушылығы жоғары, қабілеті бар.

Өнерге деген ықылас бұл отбасыда бұрыннан бар. Содан болар, әкеден ұлағат алған ұрпақтың ішкі мәдениеті мен талғамы жоғары. Бағдаттың әкесі Ғани Жадырасынұлы сұлулықты сол күйі қағазға түсіретін дарын иесі. Тіпті, қызметкердің бауырлары да бейнелеу өнеріне бейім. Қарындастарымен бірге әкесінің әдепкі жолын жалғап, машықтануды доғарған емес. Ал, қазір Бағдат Жадырасынның қос ұлы да сурет салуға ынта танытып, бұл өнерді жатсынбайды. Демек, бұл – бойдағы табиғи талант.

Қызметкер Бағдат мектеп қабырғасында жүріп, белсенділігімен көзге түскен. Яғни, 7-8 сыныптан бастап ашық сабақ пен түрлі тәрбие сағатын көрнекілікпен келістіріп, безендіру жұмысына үлес қосқан. Сызу пәнінде де тапсырманы әп-сәтте орындап, үнемі үздік баға алып отырған. Ерте жастан шығармашылық қабілетін еркін көрсеткен оның өнерді бөтенсімейтіні содан, бәлкім?!

– Қызметімде тәртіп пен нақты ереже бар. Ал сурет салғанда ешқандай шектеу жоқ. Мен осылай демаламын. Маған белгілі бір суретшінің стилі емес, оның ойлау еркіндігі маңызды. Картиналардан мінсіздік емес, шынайылық көрген ұнайды. Сондай мазмұн жаныма жақын. Сол еркіндік, сол ішкі күй мені сурет салуға қайта-қайта жетелейді. Отбасымызда сурет салу таңсық дүние емес. Әсіресе, балаларымның суретке ықыласын көргенде, балалық шағым есіме түседі. Бүгінгі күні орда бұзар отыз жастан астым. Қос ұлым шығармашылық жолын таңдаймын десе, қарсылығым жоқ. Мен үшін ең бастысы – олардың қызығушылығын шектемей, қолдау көрсету, — дейді режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы Б.Жадырасын.

Шығармашылық – тынысты тарылтпайтын кеңістік. Мұны түсіне білген әулеттің танымы да терең деп білеміз.

Алдыңғы мақала

Бояу бетіндегі болмыс

Келесі мақала

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі