• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Түзеу мекемесінде жаңа өндіріс: Қызылордада сотталғандар полистиролблок өндірісін бастады

Қызылорда облысындағы №60 түзеу мекемесінде сотталғандар құрылысқа қажетті полистиролблок өндіріп жатыр.

02.04.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сұранысы жоғары бұл өнім нарықтағы бағадан арзан әрі сапасы жағынан тиімді болып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазіргі таңда құрылыс саласы қарқынды дамып, сапалы әрі тиімді материалдарға сұраныс артып келеді. Солардың бірі – экономикалық жағынан тиімді, жылу сақтағыш, экологиялық таза және өртке төзімді полистиролблок.

Бұл өнім Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде өндіріле бастады. Өндіріс аумағында жұмыс істейтін «Ален» жеке кәсіпкерлігі бұған дейін газоблок, құмблок, брусчатка және теплофасад шығарып келген. Енді кәсіпорын полистиролблок өндірісін де іске қосты. Кәсіпкер Ален Әлібековтың айтуынша, сотталғандар шығаратын өнімге сұраныс жоғары. Бағасының нарықтағыдан төмен болуы тапсырыстардың артуына әсер етіп отыр.

– Қажетті шикізат жеткізіліп, дайын өнімді сотталғандардың өздері әзірлейді. Қазіргі таңда ірі құрылыс нысандарына, соның ішінде мейрамхана құрылысына тапсырыстар қабылдадық. Бұл материалдармен ғимараттарды тез тұрғызуға болады. Өнім сапасына ерекше мән береміз, – дейді кәсіпкер.

Өндірісте еңбек етіп жүрген сотталғандардың бірі Марат полистиролблок дайындау аса күрделі емес екенін, бірақ ұқыптылық пен жауапкершілікті талап ететінін айтады.

– Бұл материал цемент, құм, желім, пенопласт үгінділері және арнайы қоспалардан жасалады. Қазір ірі көлемдегі өнімдер дайындап жатырмыз. Күніне 30-дан астам блок шығарамыз. Бұған дейін газоблок пен брусчатка да жасадық. Жұмыс барысында көп нәрсені үйрендік. Еңбегіміз үшін ай сайын жалақы аламыз. Бостандыққа шыққан соң осы бағытта кәсіп ашқым келеді, – дейді ол.

Мамандардың айтуынша, мұндай өндіріс сотталғандарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік береді.

Алдыңғы мақала

Жаңақорған жастары табиғат тазалығына үлес қосты

Келесі мақала

Аймақ басшысы еңбек ардагерлерін мерейтойымен құттықтады

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі