• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлемде

Түркияда Қазақстан азаматын атып кеткен

Түркияның Стамбул қаласында болған атыс салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

07.04.2026
in Әлемде
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Dauletten. kz.  мәліметтеріне сүйенсек, ер адам қаладағы Фатих ауданында белгісіз біреудің қарулы шабуылына ұшыраған. Ауыр жарақат алған ол дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің оқиға орнынан көлікпен қашып кеткені анықталған. Кейін олардың елдің батысындағы шекараға қарай бет алғаны белгілі болды. Арнайы операция ұйымдастырылып, оған заманауи техникалар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары да тартылған.

Нәтижесінде екі күдікті шекара маңында, елден жасырын өтпек болған кезде қолға түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, олар шетел азаматтары. Қазіргі уақытта күдіктілер полицияға жеткізіліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, күдіктілер мінген көліктің жүргізушісі де тексеріліп жатыр. Ол заңсыз тасымалдауға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған оқиғаны растады.

— Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты орын алған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Мәселе бақылауда, — деп хабарлады ведомстводан.

Сурет: haberler.com
Алдыңғы мақала

Қазалы:Мәжілісте көктемгі мерзімді әскерге шақыру мәселесі қаралды

Келесі мақала

“Жеті баланың алдында жауапты адаммын”-Төрағали Төреәлі

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі