• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сырдария ауданында ақындар мүшәйрасы өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Алмагүл Божанқызының 80 жылдығына орай «Елі сүйген, елін сүйген қайраткер» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

10.04.2026
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тағылымы мол іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әріп Хожбанов, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері, сондай-ақ А.Божанованың замандас достары мен туыстары қатысты.

Аудан басшысы өнегелі өмір иесінің еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті.

– Әлемге әйгілі ақын, философ Жүсіп Баласағұн «Кісіге екі дүниеде пайдалы үш нәрсе бар, біріншісі – халқына адал қызмет ету, екіншісі – әділдік, үшіншісі – ар-ұят. Адам осы үш қағида арқылы бақытын табады» деген екен. Бұл қағида Алмагүл Божанқызына арналып айтылғандай. Мемлекет және қоғам қайраткерін қалың қазақ елі, оның ішінде Сыр елі жақсы біледі. Өнегесі мол тұлға еңбек жолын ағарту саласынан бастап, аудандық партия комитетінің хатшысы, халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған. Тереңөзек ауданының әкімі, облыстық мәслихаттың хатшысы болып, аймағымыздың өркендеуіне үлкен үлес қосты. Аудан дамуында Алмагүл Божанованың еңбегі орасан зор. 1997 жылы Президенттің Жарлығымен республикада территориялық өзгеріс болып, облыс облысқа, аудан ауданға қосылып жатты. Қызылорда облысында бір аудан қысқаратын болып, таңдау Тереңөзек ауданына түскен. Сол кезде қоғам қайраткері комиссия алдында ауданды қорғап, сақталып қалуына бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде, ауданымыз бүгінгі өркендеп, өскен дәрежеге жетті. Дана халқымызда «Тарихты тұлғалар жасайды» деген тағылымы мол сөз бар. Алмагүл апамыз ғасыр құрылысы саналатын Сырдария өзеніндегі үлкен көпірдің де салынуына атсалысқан. Аудандағы құрылыс нысандары, әлеуметтік саланың дамуы, экономиканың өсуіне маңдай терін төккен. Аймақта тәрбиелі іс-шараларды ұйымдастырып, сол арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше еңбек сіңірді. Артына өшпес іс қалдырды. Сондықтан мемлекет және қоғам қайраткері Алмагүл Божанованың есімі ешқашан ұмытылмайды, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Іс-шара басында қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әріп Хожбанов және ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова сөз сөйлеп, Алмагүл Божанованың ел мүддесі жолындағы қажырлы қызметі, өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі және кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі істеріне тоқталды.

Мүшәйрада облыстың жас ақындары қайраткер тұлғаға өлеңдерін оқып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Мүшәйраға барлығы 12 ақын қатысып, байқау 2 кезең бойынша өткізілді. Қатысушылар алғашқы кезеңде Алмагүл Божанқызына арналған арнау өлеңдерін ұсынса, екінші кезеңде еркін тақырыпта өз шығармаларын оқыды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша үздік қатысушылар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

“Арал-сақшысы” чат-боты іске қосылды

Келесі мақала

Мемлекет және қоғам қайраткері Алмагүл Божанлваның өмір жолына арналған көрме ұйымдастырылды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі