Әнші бұл туралы Астанада өткен Freedom Inside 26 форумында берген сұхбатында бөлісті. Кездесу барысында тыңдармандардың бірі одан қашан үйленетіні жайлы сұраған. Өнер иесі мұндай сұрақтардың жиілегенін жасырмай, бұл шешімге асықпайтынын жеткізді.
Димаштың айтуынша, отбасы құру — үлкен жауапкершілік. Ол бұл мәселеде эмоцияға берілуден сақтанып, болашақ жарын таңдауға байыппен қарағысы келетінін атап өтті.
«Әр нәрсенің өз уақыты бар. Таңдауыма өте тиянақты қарауым керек деп ойлаймын. Қазір сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандатудан қорқамын. Қыздарды қатты қастерлегеннен бе… бұл тақырыпқа кішкене басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, соған бағыт алып отыруым керек», — деді әнші.
Дереккөз: smartnews.kz
сурет: Almaty.tv







