• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 14 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Сыр өңірінде грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық доданың ашылу салтанаты өтті

Қызылордада Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир басталды, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

12.04.2026
in Спорт
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Екінші мәрте ұйымдастырылған, Олимпиада, Әлем, Еуропа, Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналған жарыста 20-дан астам елдің балуандары белдеседі. Атап айтқанда, Әзірбайжан, Бразилия, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Үндістаннан және еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Сәрсенов, Тәйімбет Көмекбаевтың баласы, генерал-майор Бағбан Тәйімбетұлы, батыр ұрпағы Ардашер Шайымбетов қатысты.

«Ең алдымен баршаңызды Сыр елінің тумасы, Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әлемдік дода 1995 жылы самбодан республикалық ашық турнир ретінде ауданнан бастау алған болатын. Содан бері осы жарыстан 100-ге жуық Әлем және Азия чемпиондары шыңдалып шықты. Бұған дейін турнир Қармақшы ауданында республикалық деңгейде ұйымдастырылатын. Былтырдан бері аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен халықаралық деңгейде облыс орталығында өтуде.
Сыр өлкесінде есімі елге, әлемге әйгілі тұлғалар аз емес. Олардың қатарында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев есімін ерекше құрметпен айтамыз.
Қаһарман жауынгер — қан майданда от кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан, ерлігімен көзге түсіп, жаужүректігімен батыр атанған тұлға. Батыр бабамыздың құрметіне ұйымдастырылған бозкілем бәсекесіне 20-дан аса елдің спортшылары жиналды. Алдағы уақытта аймағымызда осы бағыттағы халықаралық турнирлер жалғасын тауып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
Барша қатысушаларға сәттілік тілеймін! Жарысымыз әділ әрі тартысты өтсін»,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Рәсімде Руслан Есеналин құттықтау сөз сөйлеп, Бағбан Тәйімбетұлы «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кету керек, өңірде олимпиадалық спорт түрлері, оның ішінде грек-рим күресі қарқынды дамып келеді. Бүгінде осы спорт түрімен шұғылданушылар саны 1600-ден асқан. Спорт саласына көрсетілген қолдаудың арқасында өткен жылы грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған сырбойылық балуан Айдос Сұлтанғали ел мерейін үстем етіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Халықаралық турнир 12 сәуірге дейін жалғасады. Үздік атанған балуандар арнайы диплом, медаль және қомақты сыйақымен марапатталады.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Астанадағы балалар өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

Оқи отырыңыз

Аққұм ауылында электр желілері жаңартылып жатыр
Әлеумет және экономика

Аққұм ауылында электр желілері жаңартылып жатыр

Жаңақорғанда өңірге белгілі дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші ұйымдастырылды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда өңірге белгілі дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші ұйымдастырылды

Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда
Қоғам

Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Мәдениет

ШИЕЛІДЕ БИБІАЖАР МАХАМБЕТҚЫЗЫНЫҢ “ҚЫЗЫМА” АТТЫ МЕРЕЙЛІ ӘН КЕШІ ӨТТІ

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ БИБІАЖАР МАХАМБЕТҚЫЗЫНЫҢ “ҚЫЗЫМА” АТТЫ МЕРЕЙЛІ ӘН КЕШІ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жалағаш ауданында көктемгі ағаш отырғызу акциясы өтті

“Таза Қазақстан”: тұрғындар мен туристерге қолайлы орта қалыптасты

Астанадағы балалар өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

Сыр өңірінде грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық доданың ашылу салтанаты өтті

Өзекті жаңалықтар

Аққұм ауылында электр желілері жаңартылып жатыр
Әлеумет және экономика

Аққұм ауылында электр желілері жаңартылып жатыр

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен 2022 жылдан бері жалпы құны 9,6 млрд теңгені құрайтын 22 жоба...

Жаңақорғанда өңірге белгілі дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші ұйымдастырылды

Жаңақорғанда өңірге белгілі дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші ұйымдастырылды

Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

ШИЕЛІДЕ БИБІАЖАР МАХАМБЕТҚЫЗЫНЫҢ “ҚЫЗЫМА” АТТЫ МЕРЕЙЛІ ӘН КЕШІ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аққұм ауылында электр желілері жаңартылып жатыр
  • Жаңақорғанда өңірге белгілі дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші ұйымдастырылды
  • Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда
  • ШИЕЛІДЕ БИБІАЖАР МАХАМБЕТҚЫЗЫНЫҢ “ҚЫЗЫМА” АТТЫ МЕРЕЙЛІ ӘН КЕШІ ӨТТІ
  • ШИЕЛІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі