• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

“Таза Қазақстан”: тұрғындар мен туристерге қолайлы орта қалыптасты

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өңір әкімдерімен кеңес өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

13.04.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы, туристік дестинацияларды дамыту, мемлекеттік орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу, экопарктер құру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.

Президент бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Бюджет қаражатынан бөлек, демеушілер есебінен демалыс, ойын-спорт алаңдары жаңартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөндеуден өтуде. Соңғы жылдары Қызылорда қаласындағы орталық алаң, мәдени-демалыс паркі мен Қорқыт ата сквері қайта жаңғыртылды.

Ауылдарды дамыту мақсатында «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп, үш жылда 2,064 млрд теңгенің 67 техникасы табысталды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 98,7 млрд теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылуда.

Жаңақорған ауданында қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, жабдықтары жеткізілді. Сырдария ауданында облыстық бюджет есебінен 475 млн теңгеге сұрыптау кешені бар қалдықтар полигоны салынып, пайдалануға берілді.

Аймаққа өткен жылы 212 278 турист келіп, көрсеткіш 25,4 пайызға өскен. Қызмет көрсету көлемі 3 млрд. 288 млн. теңгеге, яғни 42,8 пайызға артты. Тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды жұмыс атқарылуда.

Қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы мен «Қорқыт ата әуежайында» туристерге арналған виртуалды карта әзірленіп, QR кодтар орнатылды. Экскурсияға келушілерге жаңадан салынған, тарихи мәліметтермен толықтырылған заманауи музей қызмет көрсетеді.

Өңірдегі демалыс парктері жаңартылып, туристерге қолайлы әрі қауіпсіз болуы үшін барлық жағдай жасалды. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға 102 және SOS батырмаларының 15 құрылғысы орнатылды.

Туристік инфрақұрылымды дамыту аясында халықаралық деңгейдегі бесжұлдызды қонақүй, IBIS Qyzylorda және Pana қонақүйлері бой көтеріп, аудан орталықтардағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылуда.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының әкімі кәсіпкерлік нысандарды аралады

Келесі мақала

Жалағаш ауданында көктемгі ағаш отырғызу акциясы өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі