Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков экология мен санитарлық тазалық мәселелерін әрдайым басты назарда ұстап, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне ерекше мән беріп келеді. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі сенбілікке аудан орталығы мен барлық ауылдық округтердің тұрғындары, дербес бөлім қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдары, жастар ұйымдары мен еріктілер жұмыла қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сонымен қатар, Әл-Фараби көшесінің бойына 2000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге айрықша көңіл бөлінді.
Мұндай игі шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және өңірдің көркеюіне оң ықпал етуде.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, аудан тұрғындарын ортақ іске белсене атсалысуға шақыру жұмыстары жүргізіле береді.







