• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Аққұм ауылында электр желілері жаңартылып жатыр

Ауданда тозығы жеткен электр жүйелерін жаңғырту және тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Әлеумет және экономика, Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен 2022 жылдан бері жалпы құны 9,6 млрд теңгені құрайтын 22 жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда.

2022–2025 жылдары Жаңақорған, Қандөз, Жаңарық, Сүттіқұдық, Бірлік, Еңбек, Келінтөбе, Қожакент, Ақсуат және Екпінді елді мекендерінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Қазіргі уақытта жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын Манап, Сунақата, Құттықожа және Әбдіғаппар елді мекендеріндегі 4 жоба 2026 жылға өтпелі кезеңмен іске асырылуда. Сонымен қатар, 2,2 млрд теңгеге Жаңақорған кентіндегі «Саяжай-1» мөлтек ауданына электр желісі тартылуда.

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, қоғамдық кеңес төрағасы Даулет Қалыбаев Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекенінде электр желілерін жаңғырту жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аталған жоба – тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен электр жүйесі толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін болады.

Айта кетейік, жоба 2024 жылы демеушілердің қолдауымен әзірленіп, 2026 жылы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды.

Жоба аясында 3 жаңа қосалқы станция орнатылып, 69 шақырым электр желісі жүргізіледі.

Жоба толық іске асқаннан кейін Аққұм және Қауық елді мекендері сапалы, тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы мақала

Жаңақорғанда өңірге белгілі дәстүрлі әншінің шығармашылық кеші ұйымдастырылды

Келесі мақала

Жаңақорғандық қыздар облыс құрамасына жүлделі орын сыйлады

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі