• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 19 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада жылу беру маусымы аяқталды

Қызылорда облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы қорытындыланып, өңір тұрғындары қыс бойы үздіксіз жылумен қамтамасыз етілді. 1 сәуір күні Қызылорда қаласы, Арал және Жаңақорған аудандарында жылу беру тоқтатылса, 2 сәуірде Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында маусым аяқталды. Ал Қазалы мен Шиелі аудандарында жылыту кезеңі 5 сәуірде толық ажыратылды,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жылыту маусымы барысында облыс бойынша 1079 әлеуметтік нысан мен орталық жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй тұрақты түрде жылумен қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сала мамандары мәлімдеді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тахир Нәдірбектің айтуынша, жылыту маусымы штаттық режимде өткен. Барлық нысанды қамтамасыз етуші кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп, жылу беру сыртқы ауа температурасына сәйкес реттеліп отырған.

«Қазіргі таңда жылу желілері мен энергия көздерінде гидравликалық және температуралық сынақтар жүргізілуде. Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу кестесі бекітілген. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында инвестиция есебінен салынған жаңа жылу электр орталығы кезең-кезеңімен іске қосылуда. Бүгінде оның 176 МВт электр энергиясын өндіру қуаты пайдалануға беріліп, жобаны толық аяқтау мамыр айына жоспарланған. Бұл өз кезегінде өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, өндіріс саласының дамуына оң серпін бермек» — деді Тахир ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.

Өз кезегінде ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының міндетін атқарушы Тұрарбек Елеубекұлы өткен күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өткенін атап өтті. Оның айтуынша, тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық қамтамасыз етіліп, жөндеу жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалған. Нәтижесінде электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар 57 пайызға, ал электр желілеріндегі ақаулар 5,5 пайызға төмендеген.

Ал «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК филиалының директоры Хасанғали Иманғалиев қаладағы жылу жүйесінің жағдайына тоқталды.

«Қызылорда қаласында жылыту маусымы 2025 жылғы 8 қазанда басталып, 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталған. Қаладағы жалпы жылу желілерінің ұзындығы 204 шақырымды құрайды. Оның 36 шақырымы магистралдық, ал 168 шақырымы кварталаралық құбырлар. Қазіргі таңда жылу желілерінің тозу деңгейі 40 пайыз шамасында. Алдағы уақытта жөндеу және жаңғырту жұмыстары арқылы бұл көрсеткішті төмендету көзделуде. Сонымен қатар, қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде 158 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылған», — деді  Хасанғали АЙҒАЛИҰЛЫ.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Су ресурстарын тиімді пайдалану – басты назарда

Келесі мақала

Қазалыда нашақорлық пен жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Оқи отырыңыз

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті
Мәдениет

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде
Экология

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады
Әлеумет және экономика

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады

Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті
Экология

Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті

Қазалы ауданының әкімі облыстық мәслихат депутатымен кездесті

Жаңақорғанда «Таза аула» экологиялық акциясы өтеді

Жаңғыру жолындағы жан сыры

Өзекті жаңалықтар

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті
Мәдениет

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті

0

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, сондай-ақ,...

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады

Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті

Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті
  • Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде
  • Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады
  • Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті
  • Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі