• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі бірқатар маңызды құрылыс нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әлішпен бірге Қарлан көпірінің құрылысы, Қожабақы ауылындағы спорт кешені және «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 32,1 шақырымындағы темірбетон көпірді күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.04.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз
Алдымен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен Қарлан учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы салынып жатқан көпір құрылысының барысын көрді. Жоба аясында бүгінде көпірдің негізгі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 84 дана свай қағу жұмыстары толық аяқталып, 8 тіректің 4-і орнатылған. Құрылыс алаңында 14 арнайы техника мен 25 жұмысшы жұмылдырылған. Нысанның жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құраса, көпірдің ұзындығы 248,29 метрді құрайды.
Мұнан соң аудан басшысы Қожабақы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Жоба құны 537,1 млн теңгені құрайтын нысан «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Бүгінде ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер толық тартылып, нысанды пайдалануға беру үшін қалған жұмыстар жоспарлы түрде атқарылуда.
Аудан әкімі Қожабақы ауылындағы «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» автожолының 32,1 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты. 1975 жылы салынған көпірдің апаттық жағдайда екені анықталып, оны толық жаңадан салу туралы шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Гүлнұр МК» ЖШС-і тарапынан жаңа көпір құрылысы басталуда. Жобаға сәйкес көпірдің ұзындығы 21,69 метр болса, жалпы өткел ұзындығы 375,13 метрді құрайды.
Аудан әкімі нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстауды тапсырып, тұрғындар үшін маңызды жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығын ескертті.
Алдыңғы мақала

Атыс жаттығуы: алысқа көз тіккен батылдық

Келесі мақала

Қазалы: Әйтеке би кентінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Оқи отырыңыз

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
Әлеумет және экономика

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Өзекті жаңалықтар

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

0

Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр...

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі