• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 19 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі ауданында өзекті мәселелер талқыланды

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалық көрсеткіштердің орындалуы және тұрғындар үшін маңызды өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

15.04.2026
in Қоғам, Саясат
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аппараттық мәжілісте 6 мәселе қаралды. Оның ішінде басты мәселе — ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары болды. Бұл бағытта тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді айқындады.

Қосымша қаралған 5 мәселе бойынша:

  1. “Көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы”

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков көктемгі дала жұмыстарының ұйымдастырылуы, егіс алқаптарының дайындық деңгейі, тұқым, техника және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары туралы баяндап, жұмыстардың жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

  1. “Көктемгі егіске қажетті аяқ су мәселесі туралы”

«Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров суару маусымына дайындық, каналдарды тазалау, су бөлу кестесі және шаруаларды аяқ сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

  1. “2025 жыл қорытындысымен мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының орындалуы және 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы туралы”

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қадырбек Бегманов өткен жылғы шақыру науқанының қорытындыларына тоқталып, биылғы көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы, жоспардың орындалу деңгейі жөнінде баяндама жасады.

  1. “Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дала өрттерінің алдын алу шаралары туралы”

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ернұр Райымбеков өңірдегі өрт қауіпсіздігі ахуалы, алдын алу шаралары, түсіндіру жұмыстары мен арнайы техникалардың дайындығы туралы мәлімет берді.

  1. “Шиелі кентінің орталығындағы жарнама тақтайшаларының жай-күйі және оларды реттеу мәселелері туралы”

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұршат Бағдатұлы аудан орталығындағы жарнама құралдарының қазіргі жағдайы, оларды ретке келтіру, заң талаптарына сәйкестендіру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында электр желілері жаңартылуда

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі «Ауыл аманаты» аясында кәсіп бастаған азаматтардың жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз

Қазалылық Абылайхан Жұбаназар — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спорт

Қазалылық Абылайхан Жұбаназар — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда
Қоғам

Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті
Мәдениет

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде
Экология

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады

Жалағаш ауданында «Таза аула» акциясы өтті

«Таза аула» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Қазалы: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау

Сырдария: «Абай — Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалылық Абылайхан Жұбаназар — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спорт

Қазалылық Абылайхан Жұбаназар — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0

Орталық Азия елдерінің білекті балуандары бас қосқан байрақты бәсекеде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз,...

Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда

Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті

Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалылық Абылайхан Жұбаназар — Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Қазалы: Әйтеке би көшесі қайта асфальтталуда
  • Қаһарман Табынбаевттың 90 жылдығына орай танымдық конференция өтті
  • Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтарға қолдау көрсетілуде
  • Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі