• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 21 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Қазалы ауданының әкімі «Ауыл аманаты» аясында кәсіп бастаған азаматтардың жұмысымен танысты

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастаған азаматтардың жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.04.2026
in Бизнес
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы алдымен 2024 жылы бағдарлама аясында несие алып, кәсібін бастаған жеке кәсіпкер Абзал Сағидуллаевтың темір жону цехымен танысты.

Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9,2 млн. теңге несие алып, бүгінде арнайы тапсырыс арқылы техникаларға қажетті темір бөлшектерді жөндеу, темірді кесу, жону, тозығы жеткен темір бұйымдарын қайта қалпына келтіру сынды жұмыстармен айналысуда. Қазіргі таңда кәсіпкердің бұл жұмысының сұранысы жоғары болғандықтан ауданымыздан бөлек көршілес аудандардан да техникалардың бөлшектерін жөндетуге келушілерде бар дейді жеке кәсіпкер.

Мұнан кейін Мейрамбек Кеулімжаевтың жылыжай кәсібімен танысты. 2025 жылы бағдарлама аясында 9,3 млн. теңге несие алып кәсіп бастаған азамат жылыжайда қияр өсірумен айналысуда. Кәсіпкердің айтуынша жылыжай мамыр айының алғашқы онкүндігінде өнім бермек. Мұнда қазір 1000-нан астам қияр егілген. Алдағы уақытта кәсіпкер өнім көлемін көбейтіп, кәсібін әрі қарай жандандыруды жоспарлап отыр.

Жеке кәсіпкер Асқар Қожаназаровта аудан орталығынан «Автокөліктерге қызмет көрсету орталығы» ашу мақсатында бағдарлама аясында 8,1 млн теңге несие алып, биылдан бастап өз кәсібін бастап отыр. Әзірге 1 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер, аудан басшысына орталықтың жұмысы жайында түсіндіріп өтті. Мұнда көлік жөндеу, май ауыстыру және автокөліктің барлық электр және электрондық жүйелерін жөндеу қызметтері көрсетілуде.

Әйтеке би кентіндегі Ауыл аманаты бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі – Нұрқанат Әбілдаев. Кәсіпкер 2024 жылы 7,0 млн теңге несие алып, қаңылтыр бұйымдарын жасау цехын ашқан. Қазіргі таңда кәсіп иесі қаңылтырдан түрлі бұйымдар, оның ішінде бүгінде көп сұранысқа ие газ мұржасын жасаумен айналысып келеді. Кәсіпкер 1 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тұрғындардың өз кәсібін ашуға деген белсенділігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының басты мақсаты –тұрғындардың табысын арттырып, кәсіпкерлікке бейімді азаматтарға нақты қолдау көрсету екенін айтты. Өңірімізде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен аталған бағдарлама аясында кәсібін бастап, әрі қарайда кәсібін кеңейтуге ниетті азаматтарға қажетті қолдау көрсетіліп жатқандығын жеткізді.

Кәсіп иелеріне өнім сапасын арттырып, кәсібін одан әрі кеңейту қажеттігін айтып, жергілікті жерден өнім шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға шақырды. Өз кезегінде кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта кәсібін кеңейту бойынша жоспарларымен бөлісті.

Айта кету керек, 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Ауыл аманаты» бағдарламасын қаржыландыру басталғалы бері аудан бойынша 170-тен астам азамат өз ісін бастап, аудан экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалардан кейін Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкер Нұрбек Кешубаевтың жылыжай жұмысымен танысты. Бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше рет несиелер алған кәсіпкер 2011 жылдан бері жылыжай кәсібімен айналысып келеді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкердің жылыжайында гүл көшеттерінің 8 түрі және қияр, қызанақ, қызыл бұрыш, орамжапырақ және басқа да көкөністердің көшеттері отырғызылған. Мұндағы өсірілетін гүлдер мен көкөністердің көшеттері аудан тұрғындарымен қатар көршілес аудандардың да тұрғындардың сұранысына ие.

Алдыңғы мақала

Шиелі ауданында өзекті мәселелер талқыланды

Келесі мақала

Салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды

Оқи отырыңыз

Жаңақорған ауданының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беріледі
Қоғам

Жаңақорған ауданының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беріледі

Жаңақорған ауданындағы актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды
Саясат

Жаңақорған ауданындағы актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды

Қазалы ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады
Қоғам

Қазалы ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады

Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды
Қоғам

Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды

Жаңақорғанда эко акция аясында “Хорасан ата” кесенесінің аумағына тазарту жұмыстары жүргізілді

Жаңақорған ауданында “Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым” атты тазалық акциясы өтті

Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп

Шиелі жастары тарихи орындарды тазартуға белсенді қатысты

Шиелі аумағында рухани құндылықтарды ұлықтаған тазалық шарасы өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорған ауданының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беріледі
Қоғам

Жаңақорған ауданының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беріледі

0

Жаңақорған ауданы тұрғындарының назарына! 2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 16:00-17:30 аралығында «Адал көмек» жобасы аясында кәсіби...

Жаңақорған ауданындағы актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды

Жаңақорған ауданындағы актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды

Қазалы ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады

Қазалы ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады

Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды

Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды

Жаңақорғанда эко акция аясында “Хорасан ата” кесенесінің аумағына тазарту жұмыстары жүргізілді

Жаңақорғанда эко акция аясында “Хорасан ата” кесенесінің аумағына тазарту жұмыстары жүргізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорған ауданының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беріледі
  • Жаңақорған ауданындағы актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды
  • Қазалы ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады
  • Сығанақ қалашығы мен Сунақата кесенесінің аумағы таразтылды
  • Жаңақорғанда эко акция аясында “Хорасан ата” кесенесінің аумағына тазарту жұмыстары жүргізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі