• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазалы ауданында 2 спорт кешенінің құрылысы жүруде

Қазалы ауданында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен өткен жылы ауданда 3 бірдей спорт кешенінің құрылысы басталған болатын,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.04.2026
in Спорт
0
qazaly
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазіргі таңда сол нысандардың бірі – Бекарыстан би ауылындағы спорт кешені жыл басында пайдалануға беріліп, ел игілігіне қызмет етуде. Ал Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жалғасуда.

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданға жұмыс сапарымен келген облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевпен бірге аталған спорт нысандарын аралады.

Алдымен Әйтеке би кентіндегі Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Жалпы құны 643 млн теңгені құрайтын нысанның құрылысын мердігер мекеме – «Болашақ» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда нысанда бу қазандығынан жылу жүйесін тарту, шатырын жабу және қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Бекарыстан би ауылындағы пайдалануға берілген спорт кешенінің жұмысы да назардан тыс қалмады. «Жылу ХХІ» ЖШС мердігерлігімен салынған бұл нысан бүгінде 3 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Жұмыс сапары барысында Қожабақы ауылындағы спорт кешенінің құрылысы да қаралды. Жоба құны 537,1 млн теңгені құрайтын нысан да «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер тартылып, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Алдыңғы мақала

Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Келесі мақала

Жалағаш ауданында инвесторлармен кездесу өтті

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі