• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қазалы:Мәжілісте көктемгі мерзімді әскерге шақыру мәселесі қаралды

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанына дайындық және оны ұйымдастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

15.04.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында Мемлекет басшысының 2026 жылғы 14 наурыздағы №1202 Жарлығына сәйкес басталған көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы талқыланып, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, өткен жылғы күзгі шақыру науқанының қорытындысы сараланып, жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалмау себептері сынға алынды.

Мәжіліс барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрлан Көлбаевқа әскерге шақырылушыларды зерделеу, іріктеу сапасын арттыру, нақты деректер базасын қалыптастыру және «Интеграцияланған шлюз» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, шақыру қағаздарын «1414» сервисі арқылы жеткізу, азаматтардың шақыру пунктіне уақытылы келуін қамтамасыз ету, әскери қызметтен жалтарып жүргендерді анықтау және заң аясында шара қолдану мәселелері кеңінен қаралды.

Жиында жергілікті атқарушы органдарға, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әскерге шақырылушылардың тізімін тұрақты түрде нақтылап отыру, көшіп кеткен немесе басқа өңірлерде жұмыс істейтін азаматтар бойынша деректерді жаңарту тапсырылды. Сонымен қатар, полиция органдарымен бірлесіп, әскери қызметтен жалтарған азаматтарды жеткізу жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, медициналық комиссия жұмысының сапасын арттыру, цифрландыру бағытындағы «е-Medosmotr» жүйесін енгізу мүмкіндіктері қарастырылып, тиісті ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Жастар арасында әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау, патриоттық тәрбиені күшейту, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жандандыру да күн тәртібінен тыс қалған жоқ.

Жиын соңында Ринад Ибайдуллаұлы әскерге шақыру жұмыстары – мемлекеттік маңызы бар міндет екенін атап өтіп, барлық жауапты мекеме басшыларын бұл бағыттағы жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Алдыңғы мақала

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртке оранды

Келесі мақала

Түркияда Қазақстан азаматын атып кеткен

Оқи отырыңыз

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
Әлеумет және экономика

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Өзекті жаңалықтар

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

0

Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр...

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі