• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қызылордада сотталғандар темір бұйымдар мен шлюздер жасауда

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басты бағыттарының бірі – түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту.

16.04.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеменің өндірістік аймағында қазіргі таңда 21 кәсіпкер өз ісін дамытып, шамамен 600 сотталған азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Сотталғандардың қолынан шыққан өнімдер тек облыс аумағында ғана емес, еліміздің өзге өңірлеріне де жөнелтіледі. Бүгінде олар дәнекерлеу цехында су бөгеттеріне арналған, су ағынын реттейтін шлюз құрылғыларын жасап жатыр. Темір бұйымдарын өндіретін жеке кәсіпкер “Жағыппар” өндірісінде 90-ға жуық сотталған азамат еңбек етуде.

— Дәнекерлеу цехі – ұқыптылықты талап ететін жұмыс. Бір ғана қателік бүкіл бұйымның сапасына әсер етеді. Осы салада ұзақ жылдық тәжірибем бар, қазір көптеген өнімнің құрастырылуын меңгергенмін. Соның ішінде шлюздер жасаумен айналысып жүргенімізге екі жыл болды. Былтыр алғаш рет 5-6 метрлік шлюздер құрастырсақ, биыл сұраныс артып, 2-3 метрлік шамамен 400 данаға дейін өндірудеміз, – дейді сотталған азамат.

Оның айтуынша, бұл жұмысты 15 адам бірлесіп атқарады. Ол жазасын өтегеннен кейін де осы кәсіппен айналысуды жоспарлап отыр. Жазасын өтеушілер тек шлюз ғана емес, мекеме аумағына арналған темір қоршаулар, мобильді кеңселер, мал бордақылауға арналған жылжымалы қоралар, темір астаулар, тербелмелі орындықтар, темір жәшіктер сияқты түрлі бұйымдар да жасауда. Жеке кәсіпкер Орынбасар Бодықовтың айтуынша, сотталған азаматтарды жұмыспен қамту тиімді нәтиже беріп отыр.

— 2025 жылдан бастап шлюз өндірісін жолға қойдық. Арнайы мамандарды тартып, сотталған азаматтарға үйреттік. Алғашқы өнімдер Жамбыл облысына жіберілді. Қазіргі таңда Алматы облысынан да тапсырыстар түсіп жатыр. Бір ай ішінде 100-ден астам шлюз құрастырып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.

Мекеме мамандарының айтуынша, сотталғандар еңбегімен дайындалған өнімдер Қазақстан нарығында сұранысқа ие. Түзеу мекемелерінде еңбек пен кәсіби дағдыларды қатар меңгеріп жүрген азаматтардың саны артып келеді.

Алдыңғы мақала

Отбасылық кеңістіктің көлеңкелі тұсы көтерілді

Келесі мақала

Қызылордада есірткіге қарсы жаппай марафон өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі