• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Арал: Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарында мониторинг жұмыстары жүргізілді

Аудан көлемінде тазалықты сақтау, көріктендіру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжановтың бастамасымен құрылған мобильдік топ аудан орталығы көшелерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен сауда орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

16.04.2026
in Қоғам
0
502
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жұмыс барысында топ мүшелері Бақтыбай батыр көшесінің бойындағы кәсіпкерлік объектілерді және базар аумағындағы сауда қатарларын аралап, олардың санитарлық ахуалы мен сыртқы көрінісіне назар аударды. Нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру, бояу, сырлау, айналаны тазалау, жарнамалық маңдайшаларды жаңарту, дүкен әйнектерін ретке келтіру мәселелері қозғалды.

Сала жетекшілері базар әкімшіліктеріне сауда орындарында тазалық талаптарын сақтау, ішкі және сыртқы күтімді тұрақты түрде жүргізу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, сатушылар мен келушілер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Аудандық полиция бөліміне базар маңындағы негізгі көшелерде көлік қозғалысын жүйелеу тапсырылды. Ал кәсіпкерлік бөліміне кәсіп иелерімен бірлесе отырып, нысандардың келбетін жаңғырту, ескірген жарнамаларды ауыстыру, сауда орындарының сыртқы бейнесін ретке келтіру міндеті жүктелді.

Мобильдік топ өкілдері кәсіпкерлермен жүздесіп, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енгізілген талаптарға сәйкес нысандардың сыртқы жағдайын тиісті деңгейде ұстау керектігін түсіндірді.

Аталған мобильдік топ құрамында кәсіпкерлік, кірістер, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының мамандары, аудандық полиция бөлімі, сондай-ақ қала әкімі аппаратының қызметкерлері болды.

Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерін қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарамай, өздеріне тиесілі нысандардың сыртқы келбетін талапқа сай күтіп ұстауға шақырамыз.

Алдыңғы мақала

Туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Келесі мақала

Семинар-кеңес Аққұм ауылдық округінде жалғасты

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі