• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Сырдария: мемлекеттік қызметтегі заңдылық пен әдеп нормалары

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын нығайту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

16.04.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамкүл Бибітова, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр, сондай-ақ мекеме басшылары қатысты.

Мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда заңдылықты сақтау мен әдеп қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы буын. Сондықтан әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті жоғары жауапкершілікпен атқарып, заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Азаматтардың билікке деген сенімі біздің әрбір әрекетімізге, қабылдаған шешімімізге, қызметтік әдебімізге тікелей байланысты. Сондықтан кез келген немқұрайдылық үлкен сенімсіздікке әкелуі мүмкін екенін ұмытпауымыз қажет, – деді аудан әкімінің орындасары Роллан Манарбекұлы.

Баяндамашылар мемлекеттік қызметшілер арасында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік тәртіпті күшейту, сондай-ақ қоғам тарапынан мемлекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру мәселелері бойынша кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, қызметтік қарым-қатынасына және қоғаммен байланысына қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет өткеру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста әдептілік пен ашықтық қағидаттарын ұстану мәселелері жан-жақты қамтылды.

Семинардан соң мемлекеттік қызметшілерден сауалнама алынып, жеке қабылдау өткізілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты

Келесі мақала

Әнші Салтанат Бақаева — “Өмір тек әзілден тұрмайды”

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі