Сонымен қатар, мектеп аулаларында тал егу акциясы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов қатысып, мектептердің жоғары сынып оқушылары және ұстаздармен бірге ағаш отырғызды. Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес көктемгі көркейту және көгалдандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға барлық мекеме ұжымдарын белсенді атсалысуға шақырды.









