Нақтыласақ, арнайы топ Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, орталық стадион, саябақ, ойын-сауық орталықтары және жастар көптеп бас қосатын компьютер клубтарына, түнгі клуб, кафе, бильярд және мейрамханаларды аралады.
Аудандағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында құрылған топтың құрамында аудандық прокуратураның прокуроры, аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімінің өкілдері және басқа да бөлім қызметкерлері бірге жүрді.









