Осыған байланысты аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес кент тазалығына жауапты мекемелердің техникалары таң сәріден бастап су басқан учаскелер мен көшелердегі жиналған суды тазалау жұмыстарын қолға алды. Әсіресе, тұрғындар көп қатынайтын орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың, орталық базар аумақтарының маңы ерекше бақылауға алынып отыр.
Жалпы кент бойынша су тарту жұмыстарына 5 техника жұмылдырылып,аудан орталығындағы белгіленген жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде.









