• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Қазалы:  Киелі орындарға тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.04.2026
in Экология
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Акция аясында аудан орталығындағы Жанқожа баба кесенесінде арнайы шара өткізіліп, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тазалық акциясының маңызы жайында сөз қозғады.

Бүгін, еліміздің барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес киелі орындарға тазалық шараларын жүргізу мақсатында ерекше шаралар ұйымдастырылуда. Қазалылықтарда «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясына өз үлестерін қоспақ. Қазыналы Қазалы ауданы тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар көптеп орналасқан өңірлердің қатарына жатады. Бүгін барша жерлестеріміз жалпыхалықтық акция аясында аудан аумағында орналасқан киелі Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Жалаңтөс баһадүр алаңы, Әйтеке би ескерткіші, Қазалы мәдени-демалыс кешенірдегі «Тағзым» алаңы, Қызылқұм ауылдық округіндегі Сараман-Қоса мұнарасы және аудан аумағындағы өзге де киелі орындар мен зираттар аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, игі іске атсалысуда. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында аудан орталығы мен елді мекендерде 30-дан астам кең ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстары барысында жол бойындағы бордюрлерді, бағаналарды, қоршауларды әктеу, сырлау, аяқ су арықтарын тазарту, көшелер бойын көгалдандыру, ағаш егу, ретсіз өскен шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығы Әйтеке би кентінде 100 дана қоқыс жәшігі сатып алынса, аудан орталығындағы көше атауы берілген азаматтардың ұрпақтарының демеушілігімен 80 дана қоқыс жәшігі алынып, тұрғын үйлерге орналастырылды. Жүргізілген тазалық жұмыстары нәтижесінде жыл басынан бері 5600 тонна қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Ал, тазалық шаралары аясында аудан бойынша биыл барлық елді мекендер бйоынша 3000-ға жуық ағаш көшеттері егіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аудан халқын қоршаған ортаның тазалығына шақыру мақсатындағы бұл жұмыстар одан әрі жалғаса беретін болады, — деді аудан басшысы.

Жанқожа баба кесенесінде өткен шарада алдымен баба рухына арнап құран бағышталып, құрбандық шалынды. Мұнан кейін тазалық шаралары басталып, кесене аумағы толықтай тазартылып, ағаштардың түбі, бордюрлар әктелді. Кесене аумағы сыпырылып, қоқыстар жиналып, аяқ су арықтарына су жіберілді. Кесененің іші-сырты жуылып, тазалық жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Аудан әкімі мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен баба кесенесі аумағына ағаш көшеттері отырғызылды.

Ауданда тазалық акциясы мұнан бөлек Өркендеу ауылдық округіндегі көне Жанкент қалашығы аумағында, аудан орталығындағы Жалаңтөс баһадүр алаңында, Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерде, Әйтеке би ескерткіші аумағында және аудан көлеміндегі басқа да киелі орындар мен зираттарда ұйымдастырылды.

Игі шараға зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, ел ағалары, ардагерлер, жастар мен аудан тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

Алдыңғы мақала

Арал: Киелі орындарға тазалық жұмыстары жүргізілды

Келесі мақала

Cыр өңірінде жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі