ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер айтулы күні кітапханада бас қосты.
Сөредегі сөзі сүбелі шығармаларды шолып, таңдауы түскен кітапқа көз жүгіртті. Мекеменің кітапхана маманы Асылбек Бурхановтың айтуынша, кітапхана қорының мазмұнды туындылары жазасын өтеушілердің рухани дамуына, ой-өрісін кеңейтуге және әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Олар классикалық және заманауи әдеби шығармаларды оқып, өзара пікір алмасып, кейіпкерлер тағдыры мен шығарма идеяларын талқылады.
З. Қонысжан









