• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

28.04.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Үкімет отырысынан кейін осы және өзге де мәселелер талқыланды.

«Мемлекеттік қызметкерлердің жасанды интеллект дағдылары бойынша 100% оқудан өтуін бақылау керек. Денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу қарқынын жеделдетіңіздер. Жасанды интеллект көмегімен инсульттің алдын алуда нәтиже көрсеткен «Церебра» жобасын өңірімізде енгізу үшін зерделенген нақты ұсыныс беріңіздер.

Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуда тәулік бойы жұмыс жүргізіп, рейдтік шараларды күшейту қажет. Интернет алаяқтықпен күресіп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, тұрақты мониторинг жүргізу керек», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ

Бұдан бөлек, аймақ басшысы инвестициялық жобаларды, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын, жол бойындағы нысандар мен жол белгілерінің жай-күйін бақылау, тазалықты күнделікті қадағалауды тапсырды.

Өңірде 2023 жылдан бері Қорқыт Ата университеті базасында Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлесіп ашылған Жасанды интеллект институты жұмыс істейді. Онда 240 студент білім алады, түлектер өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларына жасанды интеллектіні енгізумен айналысады.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыруда 7 аудан орталығы мен Байқоңыр қаласында 616 бейнекамера, 54 жылдамдық өлшегіш орнатылған, облыс орталығында 1400 камера, 80 «зияткерлік қиылыс», 96 стационарлық құрылғы бар.

Биыл сәуір айынан бастап өңірлер арасында алғашқы болып 10 «Сұңқар» құрылғысы іске қосылды. Оның көмегімен қауіпсіздік белдігінің тағылмауы, жүргізушінің ұялы телефонмен сөйлесуі автоматты режимде анықталады. «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, қолданыстағы бейнебақылау камераларын Ұлттық бейнебақылау жүйесіне қосу жоспарлануда.

Бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Цифрлық қадағалау» пилоттық жобасы елімізде бірінші болып Қызылорда облысынан бастау алды. Жедел әрекет ету орталығының «109-Бірыңғай байланыс орталығы», «112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді.

Алдыңғы мақала

Арал: Экономика салаларына жасанды интеллект енгізу мәселесі қаралды

Келесі мақала

Аудан әкімдігінің отырысы өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі