Мекеме аумақтарының жалпы санитарлық жағдайына, тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне және қоршаған ортаның күтіміне айрықша назар аударылды. Сонымен қатар, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аумақты абаттандыру, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды көбейту мәселелері де назардан тыс қалмады.
Аудан басшысы жылу қазандықтарының жұмыс барысын да қарап, олардың техникалық жай-күйіне тоқталды. Жабдықтардың талапқа сай жұмыс істеуі, қауіпсіздік шараларының сақталуы және алдағы жылыту маусымына дайындық деңгейі жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында денсаулық сақтау нысандарының тұрғындар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз болуы басты назарда екені айтылды. Осыған байланысты санитарлық талаптарды сақтау, аумақты таза ұстау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажеттігін ескертті. Жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.









