• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 23 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданындағы Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды

Бүгін Қазалы ауданындағы Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды. Елді мекенге таза ауыз су қосу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы барып, шитүбеліктерді көптен күткен қуанышымен құттықтады,-деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

02.10.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

— Мемлекет басшысының 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту жөнінде тапсырма сәйкес, биыл ауданымыздағы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен аймағымызда денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында 14 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Оның ішінде Қазалы ауданы бойынша 1 медициналық және 4 ауыз-сумен қамтамасыз етуге арналған 5 әлеуметтік нысандарының құрылысы басталған болатын. Аталған жоба аясында ауданымыздағы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз су желісіне қосуға республикалық, облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер қаражаты есебінен барлығы – 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып отыр. Қазыналы ауданда бұдан бөлек те Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен аудан халқының игілігіне бағытталған байыпты бастамалар мен жасампаз жобалар жүзеге асуда.

Елдің дамуы – ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің зор болуы – Сіздерге, сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбіршіліктеріңізге тікелей байланысты.

Осы орайда, Шитүбек елді мекенінің таза ауыз су желісіне қосу жұмыстарымен айналысқан мердігер мекеме «Ансар-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшыларына және игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі үлкен қуаныш барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

 

Ауыз су желісіне қосу рәсімінде аудан прокуроры Дарын Әбіш көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ауыл ақсақалы Дәуіт Сайын батасын берді. Ауданның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен ауыз су тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Елді мекенді ауыз суға қосу рәсімінен кейін аудан әкімі тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, аудан көлемінде алда атқарылатын жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады.

Алдыңғы мақала

«А» вирусты гепатитін жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Келесі мақала

Қазалы ауданының әкімі коммуналдық қызметтердің жұмыс барысымен танысты

Оқи отырыңыз

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты
Денсаулық

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.
Саясат

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
Қоғам

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
Қоғам

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты
Денсаулық

Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты

0

Бұл мәселе «Әділет» партиясының Қызылорда облыстық филиалында балалардың құқықтарының қорғалуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері...

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Жолдағы қауіпсіздік – басты талап

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада ерекше балалары бар ата-аналардың бастамасы қолдау тапты
  • Президент: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.
  • Көтерілген мәселер заң аясында шешіледі
  • Жолдағы қауіпсіздік – басты талап
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы флешмоб байқауы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі