• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

Бүгін Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік салтанатты шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бұл салада еңбек ететін азаматтардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

– “Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – билік пен бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпірде аянбай қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі.

Мемлекеттік қызмет – бір саланы ғана қамтитын мамандық емес. Ол – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатын жергілікті жерде жүзеге асырып, халықпен тығыз байланыс орнатып, елдің мұң-мұқтажына құлақ асып, сол міндеттерді орындауға бағытталған жауапты қызмет. Мемлекеттік қызметшінің еңбегі терең білім мен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Сіздердің табанды қызметтеріңіздің арқасында ауданымыз әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, түрлі салаларда оң көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Әсіресе, агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктері үшін Шиелі ауданы облыс көлемінде «Үздік аудан» атанып, ал елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Шиелі кенті «Үлгілі аудан орталығы» номинациясына ие болды.

Бұл – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған игі істердің нақты жемісі.

Өңіріміздің өркендеуі мен көркеюіне қосқан елеулі үлестеріңіз – сіздердің кәсібиліктеріңіз бен елге деген адал қызметтеріңіздің айқын көрінісі.

Баршаңызға зор денсаулық, қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен шаттық тілеймін. Елге қызмет ету жолындағы әрбір қадамдарыңыз жемісті болып, абырой-беделдеріңіз арта берсін!” – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда, кент және ауылдық округ әкімдіктерінде барлығы 184 мемлекеттік қызметші ел мүддесі мен халық игілігі жолында абыройлы еңбек етіп келеді.

Мерекелік басқосуда мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етіп, өз қызметіне жауапкершілікпен қараған бірқатар мемлекеттік қызметкерлер облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметшілер тек кәсіби біліктіліктерімен ғана емес, өнердегі шеберліктерімен де танылды. Олар әсем ән шырқап, жырдан шашу шашып, әзіл-қалжыңмен көпшіліктің көңілінен шығып, мемлекеттік қызметкерлердің өнерден де алыс емес екендігін көрсетті.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Келесі мақала

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі