• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 25 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен «Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.06.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынға мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, жас мемлекеттік қызметшілер мен сала мамандары қатысты.

– “Мемлекеттік қызмет – халыққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Бүгінгі жас буын аға буынның өнегелі жолынан тағылым алып, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігін үлгі етуі қажет. Себебі мемлекетшілдік, адалдық пен елге деген сүйіспеншілік — нағыз мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз», – деп атап өткен болатын. Бұл қағида әрбір мемлекеттік қызметшінің қызмет жолындағы басты ұстанымы болуы тиіс.

Біздің басты мақсатымыз – халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында аянбай еңбек ету, ”– деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан басшысы мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сабақтастықтың маңыздылығына тоқталып, тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесі мен өмірлік ұстанымдары жас кадрлардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына зор ықпал ететінін жеткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет ардагерлері Әшім Оразбекұлы, Тілеубек Бабасов, Нәйла Палымбет, Насырбек Мырзабеков, Нажемидин Қалыбаева және Дана Аман Смаханұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі, адалдық пен кәсібиліктің маңызы жөнінде ой бөлісіп, жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік және еңбек жолындағы мол тәжірибелерімен бөлісті.

Аудан әкімі жиын барысында Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы саласы жөніндегі бас маманы қызметін абыроймен атқарып келген Жұмагүл Асанқызын құрметті зейнет демалысына шығарып салып, көп жылғы адал еңбегі үшін ауданның жоғары марапаты – Құрмет грамотасымен марапаттады.

Ауданымызда мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, рухани және шығармашылық жағынан дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта «Рухани өрлеу» шығармашылық орталығы құрылған.

Аталған орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани дүниесін байытып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Кездесу барысында «Рухани өрлеу» шығармашылық орталығының мүшелері ән мен жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жиында мемлекеттік қызметке талантты әрі білікті жастарды тартуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер де айтылды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант негізінде тәмамдап, оқу үлгерімі GPA 3,33-тен жоғары болған түлектерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл бастама өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға және жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға бағытталған. Осы ретте ауданымызда да жас кадрлар мемлекеттік қызмет қатарына қосылып, бүгінгі таңда Гүлжазира Құлахмет пен Асқар Бойрабаев конкурссыз негізде қабылданып, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Кездесу соңында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерге адалдық, кәсібилік және халыққа қалтқысыз қызмет ету қағидаттарын берік ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, аға буын мен жас мамандар арасындағы сабақтастықтың мемлекеттік қызмет сапасын арттырудағы рөлі ерекше екенін жеткізді.

Жиын тәжірибе мен тағылымға толы мазмұнды пікір алмасуға ұласып, мемлекеттік қызметтің мерейін асыруға бағытталған игі бастамалардың маңызын айқындады.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Келесі мақала

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

Оқи отырыңыз

Халыққа қызмет-абыройлы міндет
Қоғам

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі
Қоғам

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды
Қоғам

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді
Құқық

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

Жеке кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді

Балалардың құқықтары қорғалды

Өзекті жаңалықтар

Халыққа қызмет-абыройлы міндет
Қоғам

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

0

Мерекелік салтанатты шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бұл салада еңбек ететін...

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Халыққа қызмет-абыройлы міндет
  • «Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті
  • Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі
  • Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды
  • «Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі