Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін айқындайтын, елдің аумақтық тұтастығы мен конституциялық негіздерінің кепілі болып табылатын Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданған болатын.
Жаңа Конституцияны әзірлеу барысында жекелеген азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, ескерілді.
Жаңа Конституциямыз 96 баптан тұратын 11 бөлімді қамтиды. Конституцияның бірқатар баптары мен бөлімдерінің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады.









