• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 25 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекеттік қызметші күні: үздіктер марапатталып, жас мамандар ант қабылдады

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.06.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Онда мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған реформалар, биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі бағыттары және Президенттік жастар кадрлық резервінің мемлекеттік басқару саласына білікті жастарды тартудағы рөлі атап өтілді.

Қазіргі таңда өңірде 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық жас мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

Аймақ басшысы мемлекеттік қызметтің ел дамуындағы айрықша маңызына тоқталып, кәсіби мерекемен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекеттік қызметшілер – Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші» деген болатын.

Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Отанды шексіз сүю, туған елдің дамуына аянбай үлес қосу – әрбір азаматтың парызы.

Мемлекеттік қызметшінің бойындағы кәсібилік, адалдық сынды қасиеттер еліміздің өркендеуінің негізіне айналуда.

Сыр өңірінен елге адал қызмет етудің нағыз үлгісін көрсеткен талай қайраткер тұлғалардың шыққанын әрдайым мақтанышпен айтамыз. Оның ішінде халықтың сүйікті перзенті атанған,

көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың орны ерекше. Асыл азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін «Сапарбаев тұлғасы» кітабы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жарыққа шыққан болатын. Кітаптың таныстырылымы жақында ғана Қызылорда қаласында өтті.

Бұл еңбек – барша мемлекеттік қызметшілерге, жастарға адалдық пен еңбекқорлықтың мәнін түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің қадір-қасиетін терең сезіндіретін рухани мұра.

Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне, тұрғындарымыздың сенімін ақтап, әл-ауқатын арттыруға үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы.

Жауапкершілігі жоғары салада Өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді жұмсап, адал қызмет ете беріңіздер», — деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Іс-шарада бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің, Премьер-министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік басқосуда Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант берді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Келесі мақала

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

Оқи отырыңыз

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды
Спорт

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады
Әлеумет және экономика

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Халыққа қызмет-абыройлы міндет
Қоғам

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті
Қоғам

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Актив отырысында жаңадан сайланған әкімдер таныстырылды

Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды

Аралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Аудан активіне жаңадан тағайындалған Арал аудандық электр торабының басшысы таныстырылды

Өзекті жаңалықтар

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды
Спорт

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

0

Сайыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, олардың отбасымен уақытты тиімді өткізуіне ықпал ету,...

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды
  • Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады
  • Халыққа қызмет-абыройлы міндет
  • «Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті
  • Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі