• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

Қызылорда облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Біржан Бағысовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда өңірде жүргізіліп жатқан есірткі қылмысының алдын алу шаралары мен «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындылары таныстырылды.

24.06.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заң үстемдігін нығайту және есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының басталғанына 23 күн болды. Осы уақыт аралығында өңірдегі ахуалды бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауқымды күш пен техника жұмылдырылған.

Атап айтқанда, іс-шараға 102 полиция қызметкері, 7 қызметтік іздестіру иті және 28 арнайы техника тартылған. Сонымен қатар облыс аумағында бес мобильді бекет жұмыс істеуде. Оның екеуі жылжымалы болса, үшеуі Жаңақорған, Арал аудандары мен Қызылорда–Жезқазған автожолы бойында орналасқан тұрақты бекеттер болып табылады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 38 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған. Оның 27-сі заңсыз есірткі өсіру дерегі болса, 11-і есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылық ретінде тіркелген. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 92 келі 124 грамм есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 90 келі 99 грамм болатын 3800 түп сора өсімдігі, 1 келі 557 грамм марихуана және 462 грамм көкнәр өсімдігі бар.

Есірткі өсірумен айналысқан 21 азамат анықталып, олардың 10-ы сот санкциясымен қамауға алынған.

Заңсыз егістік алқаптарын анықтау мақсатында әскери тікұшақпен 15 рет әуеден бақылау жүргізілген. Нәтижесінде Қызылорда қаласында – 7, Арал ауданында – 3, Сырдария ауданында – 1 және Жаңақорған ауданында – 1 дерек бойынша барлығы 12 заңсыз есірткі өсіру фактісі анықталды.

Сондай-ақ мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерін пайдалану арқылы есірткіге қатысты алты құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның төртеуі «Қызылорда–Жезқазған» бақылау бекетінде, екеуі Арал ауданындағы бекетте тіркелген.

Полиция департаменті басшылығы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Бұл бағыттағы профилактикалық және жедел шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Брифинг барысында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы да кеңінен айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында жастардың денсаулығын сақтау, заң мен тәртіп қағидатын нығайту және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Осыған сәйкес құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген. Бұл күннің негізгі мақсаты – қоғам назарын нашақорлық мәселесіне аудару, есірткінің таралуының алдын алу және мемлекеттердің осы қауіппен күрестегі күш-жігерін біріктіру.

Осыған орай Қызылорда облысында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында ауқымды іс-шаралар қолға алынған.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлының жетекшілігімен жергілікті атқарушы органдардың арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелген. Бекітілген жоспар аясында білім беру ұйымдарында, жастар көп шоғырланатын орындарда және еңбек ұжымдарында 60 түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыпқа қатысты 98 материал жарияланған.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса береді.

Айта кетейік, 26 маусым күні сағат 20:00-де Қызылорда қаласындағы «Қалалық мәдени-демалыс» паркінде Полиция департаментінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын аталған шараға белсенді қатысуға шақырады.

Алдыңғы мақала

Мемлекеттік қызметші күні: үздіктер марапатталып, жас мамандар ант қабылдады

Келесі мақала

Қызылорда өңірлік көлік прокуроры Сырдария ауданы тұрғындарымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан халқымен кездесті

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі