• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 9 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Қазалы ауданының әкімі “РЗА” акционерлік қоғамының жұмысымен танысты

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданындағы 800-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған, іргелі ұжым - «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкіміне «РЗА-Асыл түлік» ЖШС-нің директоры Мұрат Имандосов таныстырып өтті,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

10.10.2025
in Бизнес
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«РЗА» акционерлік қоғамы 2000 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келе жатқан ірі кәсіпкерлік субъектісі. Қоғам құрамына «Рза-Агро», «Рза-транс», «Рза-Сүт», «Рза — асыл түлік», «Рза-Нан», «Рза-Мұнай-Газ-құрылыс» және өндірістік жабдықтау бөлімі сынды 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік кіреді.

Қоғам құрамындағы «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су үнемдеу технологияларын енгізген алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорыны. Кәсіпорынның негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу. Биыл шаруашылық 4437 гектар жерге егін екті. Оның 2238 гектары күріш, 419 гектары жүгері, 702 гектары жаңа жоңышқа және 1347 гектары ескі жоңышқа. Шаруашылықтың өзінде 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан басшысы акционерлік қоғамының жұмысымен танысу барысында «РЗА-СҮТ» зауытына да барып, мұнда шығарылатын барша Сыр өңірінің халқына танымал «Дәмді» сауда маркасының өнімдерін де көрді.

Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов басқаратын акциноерлік қоғамның өнімдері бүгінде еліміздегі жоғары сұранысқа ие және Еуропа елдеріне экспортталуда. 2011 жылы кәсіпорын өнімі «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқауының жүлдегері, 2014 жылы «Алтын сапа» сыйлығының «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» атанған болатын.

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Келесі мақала

Қазалыда “Таза Қазақстан” акциясы аясында 1500 түп ағаш көшеттері егілду

Оқи отырыңыз

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
Спорт

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
Спорт

Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті

0

Турнирді Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «ABSULTAN» көркем гимнастика мектебімен бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа...

Таза қала – ортақ іс!

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада көркем гимнастикадан турнир өтті
  • Таза қала – ортақ іс!
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі