• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қала орталығында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңін қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері қатысты, деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.08.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы  отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

 

«Баршаңызды отбасы құндылығын ұлықтап, шаңырақтың шырайын, ұрпақ тәрбиесінің өнегесін дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысымен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл сайын әр аймақтан өнегелі отбасылар байқауға белсене қатысып, құрметке ие болып келеді. Биыл қала, аудандардан 220 отбасы қатысып, 16 отбасы үздік деп танылды. Осындай үлгілі әулеттер ұрпақ сабақтастығын сақтап, құндылықтарды насихаттауға негіз қалайды.

Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы: «Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады», — деп атап өтті.

Халықтық Конституциямызда отбасы мен ұрпақ тәрбиесінің қоғам өміріндегі орны айқын көрініс тапқан. Сондықтан отбасының мәртебесін көтеру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – баршамызға ортақ міндет.

Шаңырақтың беріктігін сақтап, сыйластық пен мейірімділікті өмірінің өзегіне айналдырған барша отбасыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрбір шаңыраққа баянды бақыт, амандық пен бақ-береке тілеймін!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы Құтмамбетовтер отбасы болып (Арал ауданы), бас жүлдені иеленді.

 

Шиелілік Бәкіровтер отбасына І орын, қазалылық Досхожаевтар отбасына ІІ орын, қызылордалық Бимұратовтар отбасына ІІІ орын берілді.

 

Мұнан бөлек, «Ұлағатты отбасы» номинациясы Жұмағалиевтер отбасына (Арал ауданы), «Берекелі отбасы» номинациясы Шахмарановтар отбасына  (Қазалы ауданы), «Бәйтерек отбасы» номинациясы Тортаевтар отбасына (Қармақшы ауданы), «Кемел отбасы» номинациясы Қиясовтар отбасына  (Қармақшы ауданы), «Жігерлі отбасы» номинациясы Түлековтер отбасына (Жалағаш ауданы), «Ынтымақты отбасы» номинациясы Ахметовтер отбасына (Жалағаш ауданы), «Еңбекқор отбасы» номинациясы Бисеновтер отбасына (Сырдария ауданы), «Өнегелі отбасы» номинациясы Бұрхановтар отбасына (Сырдария ауданы), «Мәуелі отбасы» номинациясы Әбішовтер отбасына (Шиелі ауданы), «Үлгілі отбасы» номинациясы Ақылбековтер отбасына (Жаңақорған ауданы), «Өнерлі отбасы» номинациясы Әуелбековтер отбасына (Жаңақорған ауданы), «Шуақты отбасы» номинациясы Бодановтар отбасына (Қызылорда қаласы) табысталды.

Жеңімпаздар сыйлықтар және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.

 

Өңірде әр отбасының әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде. Бүгінде облыста 17 500-ге жуық  көпбалалы отбасы мемлекет тарапынан тұрақты қолдауға ие.

Соңғы төрт жылда тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер кілті беріліп, 30 мыңнан аса жерлесіміз баспаналы  болды. 2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер ел игілігіне табысталып, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарлануда.

Отбасы құндылығын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беру бағытында «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» жүйелі жұмыс жүргізеді. Аудандардағы «Руханият орталықтары» жас отбасыларға қолдау көрсетіп, маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Келесі мақала

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Оқи отырыңыз

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Қоғам

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Өзекті жаңалықтар

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

0

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды. — Шетелде оқып жатқанымызға...

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
  • Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі