• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі көпқабатты тұрғын үйдің 90 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға табысталды, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

22.08.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Баршаңызға көптен күткен жаңа қоныс құтты болсын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», — деген болатын.
Бұл бағытта Сыр өңірінде байыпты бастамалар сәтті жүзеге асуда. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін жайлы баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту жүйелі жолға қойылған.
Бүгін кезекте тұрған жерлестерімізге аумағы 7 мың шаршы метрден асатын 90 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаудамыз.
Алдағы уақытта да шаһардың ажарын айшықтайтын заманауи үлгідегі тұрғын үйлер бой көтереді.
Жаңа қоныс құтты, шаңырақтарыңыз биік, босағасы берік болсын, іші береке мен мерекеге толсын!
Әр отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәсімде ел ағасы Бақберген Досманбетов сөз сөйлеп, тұрғын үйді салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен соңғы төрт жылда
тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды.
2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табысталып, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарлануда.
Бүгінде сол жағалауда бой көтерген 169 нысанның 136-сы — көпқабатты тұрғын үй. Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты.
Халыққа жайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік, 13 ірі бизнес нысаны бой түзеп, ел игілігіне қызмет етуде.
Қазіргі уақытта тағы 48 ғимарат салынып жатыр. Сондай-ақ И.Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа көпір құрылысы жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Келесі мақала

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Оқи отырыңыз

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Қоғам

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Өзекті жаңалықтар

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

0

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды. — Шетелде оқып жатқанымызға...

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
  • Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі