• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда спорт күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Қазалы ауданында Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті. Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, аудан спортшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, спортшылардың жарқын жетістіктері үшін аудан жұртшылығы атынан алғысын жеткізді, - деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.08.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда спорт саласында ауқымды жобалар іске асырылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан – спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз» — деп, спорт инфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салуға тапсырма берген болатын. Соңғы 4 жылда Қазалы ауданында Қ.Пірімов, Ү.Түктібаев ауылдарынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында заманауи спорт кешендері, бірқатар елді мекендерде спорт алаңдары мен ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бекарыстан би ауылында құны 398,5 млн. теңгені құрайтын жаңа спорт кешені пайдалануға берлісе, жуық арада ғана облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қатысуымен 628,7 млн. теңге ге аудан орталығы — Әйтеке би кентінде және 537,1 млн. теңге ге Қожабақы ауылында заманауи спорт кешендері ел игілігіне пайдалануға берілді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Әйтеке би кентінде 2 спорт алаңы ашылды. Алдағы уақытта Қазалы қаласында да жаңа спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ауданымызда 35 мыңнан астам тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл — аудан халқының 45 пайызы. Спортшының жолы – жеңіс пен жеңілістен, қуаныш пен толғаныстан тұрады. Нағыз спортшы үшін ең бастысы – мәреге жету ғана емес, сол жолда тоқтамау. Өйткені бүгінгі кішкентай жеңіс – ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы. Сіздерге сарқылмас күш-қуат, отбастарыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық тілеймін», — деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Салтанатты шарада ауданның спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының және аудан әкімі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасып, ардагер спортшыларға аудан әкімінің мерекелік сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, Қазыналы ауданның спортшылары әлемдік додалар мен ел біріншіліктерінде әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің атын әлемге танытуда. Бүгінде халықаралық аренада көк туымызды көкке көтерген қазалылық спортшылар жыл басынан бері Халықаралық турнирлерде 11 алтын, 16 күміс, 8 қола медальдарын иеленсе, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 14 алтын, 19 күміс, 27 қола медаль иеленді. Өткен жылы Хорватия астанасы Загреб қаласында ересектер арасындағы грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали көк туымызды көкке көтеріп, халқымызға тарихи алтын медаль сыйлады. Биыл шілде айында Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Толыбай Зарина алтын медалін жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. Наурыз айында Тараз қаласында қол күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қашмұрат Дәурен, Спасов Игорь алтын медаль иеленсе, Ибрашов Әділбек қола медаль иеленіп Азия чемпионатына жолдама алды. Қырғызстан Республикасында маусым айында қол күрестен өткен Азия чемпионатында Қашмұрат Дәурен жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын.

Алдыңғы мақала

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Келесі мақала

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі