• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Қызылорда қаласында Спорт күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сала ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар мен қала тұрғындарының басын қосты, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.08.2026
in Денсаулық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Президент саябағында өткен салтанатты кеште бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт саласын цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен насихатталды.

Мерекелік жиын барысында спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген ардагерлер мен мамандарға, сондай-ақ жас спортшыларды тәрбиелеуге атсалысып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді. Оларға облыс әкімінің Алғыс хаттары мен Қызылорда қаласының ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталып, көп жылғы еңбектері лайықты бағаланды.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Еркін Турабаев жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, өңірде бұқаралық спортты дамыту, жастарды дене шынықтыруға баулу және спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы айқындаған салауатты ұлт қалыптастыру міндетін жүзеге асыруда спорт саласының маңызы ерекше екеніне тоқталды.

Іс-шара барысында марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да жас ұрпаққа үлгі болып, ел спортының дамуына өз үлестерін қоса беретіндерін жеткізді.

Кештің мәдени бағдарламасы көркем гимнастика шеберлерінің әсерлі қойылымдарымен және заманауи би ұжымдарының өнерімен жалғасты. Сонымен бірге қала тұрғындары арасында түрлі спорттық эстафеталар, көңілді жарыстар мен белсенді ойындар ұйымдастырылып, көпшілік салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға белсене қатысты.

Шара аясында спорт саласындағы цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан бастамаларға да назар аударылды. Бүгінде өңірде тұрғындардың спорт нысандары туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыру, спорттық іс-шаралар жөніндегі мәліметтерді электронды платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы жедел тарату, жарыстардың нәтижелерін цифрлық форматта жариялау және бұқаралық спортты заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен кеңінен насихаттау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл тұрғындардың спорттық өмірге белсенді араласуына және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беруде.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, жергілікті өнерпаздар мен спортшылар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Әсем ән мен әсерлі қойылымдарға толы кештің соңы мерекелік отшашумен қорытындыланып, Спорт күніне арналған айтулы шараның жарқын нүктесіне айналды.

Алдыңғы мақала

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Келесі мақала

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Оқи отырыңыз

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Қоғам

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Өзекті жаңалықтар

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

0

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды. — Шетелде оқып жатқанымызға...

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
  • Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі