• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Су, балық шаруашылығы, ветеринария мекемелеріне қызметтік және арнайы көліктер тапсырылды

«Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен су, балық шаруашылығы, ветеринария қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

11.07.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен сала қызметкерлері қатысты.
Аймақ басшысы су, балық, мал шаруашылығы және ветеринария салаларында атқарылған жұмыстарды саралап, жиналған жұртшылықты кәсіби мерекемен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз!
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деді. Бұл — экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.
Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы
су шаруашылығы қызметкерлерін Ақордада қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты қабылдауда жерлестеріміз, сала ардагері Сұлтанбек Тәуіпбаев «Парасат» орденімен, «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров, «Қызылорда су торабы» өндірістік учаскесінің аға инженер-гидротехнигі Мақсұт Өтеулиев «Құрмет» орденімен наградталды. Бұл — аймағымыздағы су шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға берілген жоғары баға.
Алаштың анасы атанған Сыр елі еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал да адал жандарға, еңбек адамдарына кенде емес. Біз еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетіп, ғибратты ғұмырын жастарға үлгі-өнеге етуді дәстүрге айналдырып келеміз. Бұл — біздің басты парызымыз», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Салтанатты шарада «Құрмет» орденімен су шаруашылығы саласының ардагері Бегеш Жақып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазалы су торабы» өндірістік учаскесінің басшысы Болат Асербаев , «Су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен ардагер Әділхан Қарлыханов марапатталды.
Саланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерге ҚР Премьер-министрінің Алғыс хаты, «Балық шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағы, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, «Су шаруашылығының ардагері» және «Қазақстан Республикасы су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация министрлерінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
PS. Іс-шарада 42 қызметтік автокөлік пен 65 арнайы техниканың кілті аталған салалардың мекемелеріне берілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылордада инфекциялық аурухананың басшылары мемлекет қаражатын жымқырған

Келесі мақала

Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында нақты жобалар жүзеге асуда

Оқи отырыңыз

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды
Құқық

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам
Құқық

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Өзекті жаңалықтар

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

0

Видеода келіншек өзінің 4 жасар үлын жылу батареясына байлап, асқан қатыгездікпен ұрып-соққаны көрінеді. Тіпті бүлдіршінді балағаттап, тепкілейді....

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
  • Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды
  • Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
  • Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам
  • Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі