• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 8 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Төртжақты меморандумға қол қойылды

Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Абайбек Жүнісов Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында халықаралық білім беру саласындағы маңызды құжатқа қол қойды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Төртжақты ынтымақтастық туралы меморандум Қызылорда облысының білім басқармасы, Чунцин электрондық ғылым және технологиялар кәсіптік университеті, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі және «Чунцин баспасы» компаниясы арасында жасалды.

Аталған келісім техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және еңбек нарығына қажетті маман даярлауға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар оқытушылар мен студенттер алмасады. Қытайда білім алатын шетелдіктерді даярлау жүйесі дамиды, бірлескен оқу-тәжірибе орталықтарын, мамандандырылған шеберханалар құру көзделген. Екі тілде оқулықтар мен заманауи цифрлық білім беру ресурстары әзірленеді. Сонымен қатар «Қытай тілі + кәсіптік дағдылар» бағдарламасы енгізіледі. Өндірістік тәжірибеден өту, түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіліп, білім беру мен өндірісті ықпалдастыратын халықаралық жобалар іске асады.

Сапар Чунцин қаласындағы келіссөздермен жалғасып, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесу өткізу жоспарланған. Бұл жаңа бастамалар мен бірлескен жобаларға жол ашпақ.

Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақтың білім беру саласында 46 заманауи нысан ел игілігіне табысталды. Олардың қатарында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қызылорда қаласында бой көтерген еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» да бар. Бүгінде орталық жастардың кәсіби дағдыларын шыңдауына, тұрақты жұмыспен қамтылуына оң ықпалын тигізіп келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Келесі мақала

Сырдарияның жағалауы қауіпсіз әрі таза болуы керек

Оқи отырыңыз

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Өзекті жаңалықтар

Таза қала – ортақ іс!
Экология

Таза қала – ортақ іс!

0

Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Қызылордада тұрақты жалғасын тауып келеді. Бүгін бүкіл қала...

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Таза қала – ортақ іс!
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі