• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы: аграрлық саясатты тиімді жүргізудің маңызды қадамы

1 тамыз - 20 қазан аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл кең ауқымды статистикалық бақылау елдің барлық өңірін қамтып, аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті ақпараттың маңызды көзіне айналуда. Санақ онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

11.08.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Санақтың онлайн кезеңі 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі. Бүгінде аймағымыздағы ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын шаруашылық құрылымдары аталған сайт сауалнамадан өтуде. Санақ жұмыстарын ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Әбілдаев саралап берді.

— Бұл санақ еліміздің ауыл шаруашылығы саласы бойынша мәліметтерді жинап, талдап, аграрлық саясатты тиімді жүргізуге негіз болатын маңызды статистикалық зерттеу болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын барлық заңды тұлғалар, шаруа-фермер қожалықтары мен үй шаруашылықтары sanaq.gov.kz сайтына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп,санақ парақтарын көрсетілген сауалдарға шынайы жауап беруі тиіс. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар деректерді жинаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сайтқа кірген сәтте респонденттер жүйеге тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба, QR-код немесе СМС хабарлама арқылы авторизациядан өтеді. Сауалнама парағына кірген кезде кейбір жолдарда мемлекеттік органдардың деректер базасында бар көрсеткіштер көрсетіледі. Осы жерде әрбір респондент ескеретін мәселе көрсетілген көрсеткіштерді сол күйі қалдыра алады немесе оларды өзгеріс енгізе алады. Егер респонденттің сауалнама парағын толтыру кезінде қандай да сұрақтары туындаса, аталған сайтта арнайы әзірленген жасанды интеллект арқылы жауап беретін sanaq-Myrza виртуалды көмекшісі көмек бере алады. Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Санақ жүргізу үшін біз облыс бойынша жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ барлық ниет білдірген азамат санатынан 192-ден астам азаматты интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз,- деді Айбек Жантөреұлы.

Айта кетейік санақтың екінші кезеңі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

Сыр елінен Абай еліне — рухани сапар

Келесі мақала

«Жартыбас болып шықтым»- Тұрсынбек Қабатов

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі