• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 7 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Жанға жарық беретін күнделікті күш

Жанды жегідей жеген мұң, шегіне жеткен шер, титықтатқан қиындық жүрек пен жүйкеге жеңіл тимейді. Бүгін – жан жарасын жазуға ықпал ететін психологтардың кәсіби мерекесі. Осы орайда, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің АКАӘПТЖББ-ның аға инспектор-психологы әділет майоры Айзат Мырзалыны құттықтай отырып, өзі жайында аз-кем айтсақ дейміз.

26.12.2025
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Еңбек жолын 2007 жылы арнайы есепке алу бөлімінде есеп технигі қызметінен бастаған ол, тәжірибесін біліммен ұштастырып, кәсіби дамуға бет бұрды. Үздіксіз ізденіс жолында үзіліс жасамай, 2019 жылдан бастап психолог ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Тіпті, Астана қаласында өтетін біліктілік курстарына белсенді қатысып, жиі төбе көрсетіп жүр. Он сегіз жыл салада орныққан Айзат Мырзалы ұжым арасында құрметке ие.

– Меніңше, көңілге демеу, жанға медеу болу үшін мамандыққа деген ынта-ықылас керек. Сосын ізденісті тоқтатпаған жөн. Күніне оннан аса айыпталушы мен жазасын өтеушіні қабылдаймын. Әркімнің ішкі күйі әртүрлі, өзін ұстауы, көңілі құбылмалы болады. Әңгіме барысында олардың күйзеліс деңгейін, алаңдататын мәселелерін, бейімделу процесін анықтаймын. Мінез-құлқы мен психоэмоционалдық жағдайына зер саламын. Сосын қажетті терапия жасап, ауыртпалықтан арылтуға тырысамын. Басты мақсат – өмірге оң көзқарасын қалыптастырып, болашағына сеніммен қарауға ықпал ету, — дейді ол.

Сан қилы өмір жолының сырына үңіліп, түрлі тағдыр иесімен бетпе-бет келуден психологтың да қуаты түгесіліп қалатыны анық. Мұндайда Айзат Мырзалы таза ауада серуендеп, әуен тыңдау арқылы ойың тынықтырады екен.

Иә, айыпталушы мен жазасын өтеушілерге байыппен бағыт беру – кез келгеннің қолынан келмейді. Жүгі ауыр қызметті жүрексінбей атқарып жүрген Айзат Мырзалыға еңбегіңіз жана берсін дейміз!

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында кезекте тұрған азаматтар баспаналы болды

Келесі мақала

Мекеме психологтары “Хат” терапиясын өткізді

Оқи отырыңыз

Төзімділікті серік еткен қызметкер
Құқық

Төзімділікті серік еткен қызметкер

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару
Құқық

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару
Құқық

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Өзекті жаңалықтар

Төзімділікті серік еткен қызметкер
Құқық

Төзімділікті серік еткен қызметкер

0

Істен ілік, шешімнен шикілік шықпаса шен мен құрметтің қатар келері ақиқат. Сондықтан, мәртебелі мамандықтың маңызын түсінген Гүлсезім...

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Төзімділікті серік еткен қызметкер
  • Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару
  • Қатал қызметтегі нәзік ару
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
  • Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі