• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектепті мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

04.03.2026
in Білім
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы атқарылған ауқымды жұмыстарға, соңғы жылдары бюджет қаржысының басым бөлігі әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына бағытталғанына тоқталды.

— Өңірімізде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тың бастамалар жүзеге асырылуда. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы – жұмысымыздың басты басымдығы. Білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 302 млрд. теңге қаралды.

Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуін қадағалаудың нақты шаралары қабылданған. 2023 жылдан бері «Фейс-бақылау» мобильдік қосымшасы қолданысқа енгізіліп, балабақшаларға жалған тіркелген 19 263 бала анықталды, 28 млрд. 100 млн. теңге үнемделді. Емхананың жалған анықтамасын тіркеу, негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 6 млрд. 700 млн. теңге бюджетке қайтарылды.

Облыста демографиялық өсім мен халықтың көшіп-қону белсенділігі жоғары болғандықтан, оқушы санының жыл сайын артқаны байқалады. Жаңа оқу жылында 1-11 сыныпта 189 288 оқушы тіркелді, өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға көбейген.

Осы ретте орын қажеттілігі жеке инвестиция есебінен де шешімін табуда. Жеке секторға мемлекет тарапынан қолдау жасалған. Біз өз кезегімізде таза, шынайы жұмыс істейтін кәсіпкерлерді үнемі қолдап келеміз.

Өткенде мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған «Oрда скул-2» жеке мектебін мемлекет меншігіне сыйға берді. Бүгін де дәл сондай игі істің куәсі боламыз.

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. Өскелең ұрпақ тәрбиесімен айналысатын барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін және ортақ жұмысты бірлесіп атқаруға шақырамын!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Рәсімде облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен Р.Әліарыстанұлы атындағы жеке мектептің құрылтайшысы Шәркүл Иманбердиева мектеп ғимаратын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге Шәркүл Иманбердиева, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков сөз сөйлеп, жас ұрпаққа сапалы білім берудің маңыздылығына тоқталды.

Айта кету керек, өткен жылы өңірде 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Алдыңғы мақала

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

Оқи отырыңыз

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі
Білім

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды
Саясат

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң  жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары
Саясат

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
Саясат

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады

Мемлекеттік қызметкерлер мекемеге экскурсия жасады

Ұжымдық рухты нығайтқан тренинг

Қызылорда өңірінде «КӨКТЕМ-2026» оқу жаттығуы өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
Білім

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

0

Аймақ басшысы атқарылған ауқымды жұмыстарға, соңғы жылдары бюджет қаржысының басым бөлігі әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына...

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң  жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
  • Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі
  • «Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды
  • Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары
  • Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі