• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Құқықтық семинар өткізілді

Бүгін Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен, аталған бөлімнің басшысы Ернар Зұлқарнаевтың төрағалығымен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысқа енуіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге және елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатының ауданда іске асырылу барысын талқылауға арналған құқықтық-оқу семинары өтті, -деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

31.07.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Семинарға кент және ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің және аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде:

  1. Ауданда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шараларын күшейту туралы».
  2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы».
  3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру туралы.
  4. Қосымша өзге де мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, бөлімнің бас инспекторы Айбек Сәдуақасовтың және бөлімнің бас маманы Светлана Арысбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Семинардың негізгі мақсаты – қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістерді кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы құқықтық өзара іс-қимылды нығайту.

Іс-шара барысында Конституциялық реформаларға сәйкес қабылданған заңнамалық өзгерістердің мазмұны, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға ықпалы, сонымен қатар, Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын аудан көлемінде іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланып, слайдтар және бейнероликтер арқылы жан-жақты түсіндірілді.

Семинарда қатысушылар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, заңнама талаптары аясында нақты түсіндірмелер алды. Мұндай кездесулер мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсінуге және қоғамда заң үстемдігі қағидатын нығайтуға өз үлесін қосады.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да құқықтық ағарту бағытындағы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Сонымен қатар жұмыс барысында қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтап, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдау қажеттігі тапсырылды.

Алдыңғы мақала

Еңбек ауылында облыстық форум ұйымдастырылды

Келесі мақала

Құрылыс барысы тұрақты бақылауда

Оқи отырыңыз

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Мәдениет

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі
Саясат

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

«Кітап оқы да, кемелден!» көркем әдебиет оқу байқауының ашылу жиыны өтті

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

Өзекті жаңалықтар

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

0

Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жобаны бастауға әзірлік жөнінде баяндады. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев...

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
  • Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі
  • Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі