• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мәжілісте өңдеу өнеркәсібі мен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте отандық тауар өндірушілерді қолдау және ілгерілетуде атқарылған шаралар талқыланды. Аталған мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысып, облыс әкімі жүктеген тапсырмаларға сәйкес аппарат мәжілісін өткізді,- деп хабаплайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

03.08.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиында алдымен аудандағы өңдеу өнеркәсібі мен кәсіпкерлік саласының қазіргі ахуалы сараланды. Бүгінде ауданда өңдеу өнеркәсібі саласында 22 кәсіпорын, оның ішінде 2 орта және 20 шағын кәсіпорын тұрақты жұмыс жасайды. Онда 700-ге жуық адам қызмет етуде. 2025 жылы сауда инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жалпы құны 2,9 млрд. теңгені құрайтын заманауи форматтағы 30 сауда нысаны пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Әйтеке би кентіндегі 17 сауда үйі мен шағын маркетте «Қазақстанда жасалған» арнайы сауда бұрыштары ұйымдастырылған. Ауданда өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында 6 экспорттаушы кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар негізінен күріш, балық және қамыс өнімдерін шетел нарығына экспорттап, өңірдің экспорт көлемін ұлғайтуға өз үлесін қосуда.

Мәжілісте аудан әкімі тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз гранттарды тиімді пайдалану, жаңа кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жабылған кәсіпкерлік нысандарының себептерін зерделеу бағытында нақты тапсырмалар берді. Сонымен бірге, кәсіпкерлік нысандарының сыртқы келбетін талапқа сай қалыптастыру, санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Жоба аясында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және кооперацияны дамыту бағытындағы жұмыстарға талдау жасалды.

2025 жылы облыс бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға жалпы 5,5 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде ауданға 67 жобаны қаржыландыруға 834,2 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы құны 850,5 млн теңгені құрайтын 112 жоба мақұлданды. Оның ішінде жалпы сомасы 766,0 млн теңгеге 104 жоба толық қаржыландырылса, құны 84,5 млн теңгені құрайтын 8 жобаны қаржыландыру ағымдағы жылдың тамыз айының ішінде жүзеге асырылмақ.

Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалану арқылы тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Мәжіліс соңында ауданның санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары да сараланып, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, нәтижесі бойынша фотоесеп ұсыну тапсырылды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аймақ басшысы берген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді жауапты сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне қатаң тапсырды.

Алдыңғы мақала

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Келесі мақала

Мәжілісте өңдеу өнеркәсібі мен “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі