• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 6 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Алдағы жылыту маусымына дайындық пен мерзімді әскерге шақыру мәселесі қаралды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте өткен жылыту кезеңінің қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы алдымен орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылдың 3 мамыры күні өткен Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша ауыл халқының басым дауысына ие болып, Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланған Аман Бауыржан Толықболұлын мәжіліске қатысушыларға таныстырып өтті.

Мұнан кейін аудан әкімі негізгі мәселелерге көшіп алдағы жылыту маусымына дайындық, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, көктемгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы және санитарлық тазалық мәселелеріне тоқталды.

Аудан әкімі өткен 2025-2026 жылғы жылыту маусымының тұрақты өткенін атап өтіп, ендігі міндет – алдағы қысқы маусымға сапалы дайындық жүргізу екенін айтты. Осыған байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, қатты отын қорын уақытылы жасақтау, көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйелерін ретке келтіру және коммуналдық мекемелердің жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Осы ретте аудандағы газдандыру жұмыстарының қарқынына тоқталып, биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Үрмәш Түктібаев ауылдарын табиғи газға қосу жоспарланып отырғанын айтып, әлеуметтік және әкімшілік ғимараттарды да газға бейімдеу жобаларын жеделдетуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру болды. Мәжілісте аудан басшысы Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру лагерінің қазіргі жағдайы сынға алынып, лагерь аумағын тазалау, ғимараттарды ретке келтіру және балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз ету бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын ескертті.

Бұдан бөлек, көктемгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы қаралып, жоспардың төмен деңгейде орындалып отырғанын сынға алды. Ауылдық округ әкімдері мен жауапты мекеме басшыларына әскерге шақырылушыларды нақтылау, шақыру қағаздарын табыстау және медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Мәжіліс соңында аудан аумағындағы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру, түнгі жарықшамдар мен қоғамдық орындардың жай-күйі бойынша кемшіліктер айтылып, барлық кент, қала және ауыл әкімдеріне тазалық жұмыстарын жүйелеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Алдыңғы мақала

Әрбір тапсырма орындалуымен құнды

Келесі мақала

Сырдария:  әлеуметтік нысандардың жай-күйі басты назарда

Оқи отырыңыз

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Мәжілісте өңдеу өнеркәсібі мен “Ауыл аманаты” жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
Мәдениет

Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

0

Кездесу барысында өскелең ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы жауапкершілік қағидаларын нығайту...

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі