• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әрбір тапсырма орындалуымен құнды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, жиында өткен жылыту кезеңінің қорытындылары мен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды. Бұл мәселе бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде және аймақта өткен ауқымды жиында қаралған болатын. Аудан әкімі мәселенің өзекті екенін айтып, келесі жылу маусымына дайындықты қазірден бастау керектігін атап өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған мәселеге байланысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде жауаптыларды тыңдады. Өткен жылу беру маусымында жеткізілген көмірді және көгілдір отынға қосылған елді мекендерді ескере отырып, алдағы маусымға қажетті көмір көлемін нақты жоспарлау қажеттігі жөнінде тапсырма беріп, орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Бұл мәселеде әлеуметтік нысандардың жай-күйі де назардан тыс қалмайтын болады.

Қазіргі таңда аудан тұрғындарының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Бүгінде Арал қаласымен қатар Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері және Шижаға, Қамыстыбас елді мекені табиғи газдың игілігін көруде. Бұдан бөлек бірнеше әлеуметтік нысандарды көгілдір отын көзіне қосу межесі тұр. Аудан әкімі осы бағыттағы жұмыстарды жеделдету жөнінде тапсырма беріп, келесі жылу беру маусымына дейін қолға алған жұмыстарды аяқтауды қатаң ескертті.

Көгілдір отын, электр энергиясы және ауыз суға қарыз мөлшері ұлғайып бара жатқанын назарға алған аудан әкімі мемлекеттік мекемелерде қалыптасқан қарызды 1 апта мерзім ішінде өтеу жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ, бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану немесе жою мәселесі облыс деңгейінде көтерілгенін, Арал қаласындағы нысандарды аралау барысында бос тұрған апатты ғимараттарды бұзу жөнінде жауаптыларға тиісті тапсырма берілгенмен, кейбір бөлімдерге қарасты бос ғимараттарға қатысты әлі күнге дейін нақты шешім қабылданбаған. Мұндай олқылық бірсыпыра ауылдық округтерде де байқалуда.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы тапсырмаға немқұрайлы қараған жауапты тұлғаларға тағы бір мәрте ескерту жасап, бір ай ішінде кемшіліктер қалыпқа келтірілмесе жауаптылардың қызметіне сәйкес еместігі жөнінде шешім қабылданатындығын ескертті.

Жиында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуына қатысты Арал қаласы әкімшілігінің жұмысы өте төмен екендігі, көшелердегі көзден таса әрбір аймақ лас қоқыстар тұратын орынға айналып бара жатқаны айтылды. Тазалыққа деген талап қатаңдатылып, тиісті жұмыс атқару жөнінде тапсырма берілсе де барлығы сөз күйінде қалып жатқаны, мұндай олқылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатаң ескерту жасалды.

Кемшіліктер арнайы слайд арқылы көрсетілді. Қалыптасқан жағдайға байланысты бұған дейін де қала әкіміне бірнеше мәрте тәртіптік шара көру жөнінде тапсырма берілгенмен, нәтиже жоқтығы жеткізілді.

Мұнан бөлек ауылдық жерлерде де тазалық мәселесіне қатысты жұмыстар өз мәнінде жүргізілмеген. Тіпті кейбір ауылдық округтер бойынша учаскелік полиция инспекторлары тарапынан тазалықты сақтамаған тұлғаларға бірде-бір әкімшілік хаттама толтырылмаған. Аудан әкімі бұл жұмыстарда әлі күнге немқұрайлылық бар екенін айтып, аудандық полиция бөлімінің басшылығы тарапына бірқатар ескертулер жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы өзекті деген мәселелер назардан тыс қалмау керектігін жеткізді. Әрбір тапсырма орындалуымен құнды екенін айтып, өз жұмысына жауапкершілік танытуға құлықсыз басшыларға талаптың әркез жоғары болатынын ескертті.

Алдыңғы мақала

Шиелі кентінде жаңа копір құрылысы қарқын алды

Келесі мақала

Қазалы: Алдағы жылыту маусымына дайындық пен мерзімді әскерге шақыру мәселесі қаралды

Оқи отырыңыз

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
Қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Өзекті жаңалықтар

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
Қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

0

Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу...

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі