• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалыда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазалы ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

07.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, ел дамуына елеулі үлес қосып, ауданымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша ер азаматтар қауымын мерекемен құттықтады.

— Бүгін Елордада Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде – «Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Сайыпқыран сарбаздарымыз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Күштік құрылымдар заң үстемдігін, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Құтқарушылар қатерден қаймықпай азаматтардың амандығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр. Жауынгерлеріміз күрделі міндеттерді табысты орындап, халықаралық тұрақтылықты нығайту ісіне де зор үлес қосуда» -деді.

Қазақ елінің айбынын асқақтатып, бейбіт өмірдің берік қорғаны болып жүрген сарбаздар мен офицерлердің қызметі – шынайы патриотизмнің үлгісі. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген сөзін жадында ұстап, елі мен жері үшін, халқының қамы үшін қызметін мінсіз атқарып жүрген барша құқық қорғау саласының өкілдері мен ержүрек сарбаздарымызға зор алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміз бен байтақ жерімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің мәртебесі асқақтай берсін! Еліміздің айбынын арттыратын азаматтарымыз, сарбаздарымыз аман болсын! Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларымыз сәтті жүзеге аса берсін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Айбынды қазақ әскері мәңгі жасасын, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Мерекелік шарада аудан басшысы 2022 жылдан бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келген Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының үлкен сенімімен, қолдауымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуымен барша Қазалы жұртшылығының атынан құттықтадық. Нұрлыбек Машбекұлының Сыр өңірінде басшылық қызмет атқарған кезеңде елге сіңірген еңбегі, қазыналы Қазалы өңірінің дамуына, ауданда елдің игілігіне бағытталған ауқымды жобалардың жүзеге асуына көрсеткен қолдауы үшін аудан халқының атынан шынайы алғысын жеткізді.

Салтанатты іс-шарада құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар ер азаматтар қауымы облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, отансүйгіштікке үндейтін патриоттық әндер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

«Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты салтанатты шара өтті

Келесі мақала

Отан қорғаушылар күніне орай әскери-патриоттық шара өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі